Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласындағы алғашқы өнім өндірушілердің бірі, Қазақстанның Еңбек Ері, облыстың құрметті азаматы, «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченконы қалың жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасуға жақындары, әріптестері, қоғам қайраткерлері келді.
Қоштасу рәсімінде облыс әкімі Ерік Сұлтанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді. Онда «Геннадий Иванович өмірінің басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласына арнады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Оны ылғи да өзінің адамгершілік қасиеттері, жоғары кәсіби біліктілігі, бай тәжірибесі мен өз ісін сүйе білу қасиеттері өзгелерден ерекшелендіріп тұратын. Оның еңбектері «Қазақстанның Еңбек Ері», өзге де мемлекеттік наградалар арқылы бағаланды. Геннадий оны танитын адамдардың есінде әрдайым сақталады», делінген.
Көңіл айту жеделхаттары Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-тың төрағасы Ахметжан Есімов, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтен келді.
Қаралы митингіде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Серік Егізбаев, еңбек ардагері Жақсылық Ысқақов, Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қарқын» ЖШС-нің директоры Сайран Бұқанов, Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасы» ЖШС-нің бас директоры Иван Сауэр сөйлеп, қайғыға ортақтасты.
Геннадий Иванович саналы ғұмырының жарты ғасырын ауыл шаруашылығы саласына арнады. Оның 20 жылдан астам уақытында «Зенченко және К» агроқұрылымын басқарды. Көп жылғы қажырлы еңбегі екі рет «Отан» орденімен, «Алтын барыс» төсбелгісімен атап өтілді.
Марқұмның денесі өзі еңбек еткен Новоникольское елді мекеніндегі зиратқа жерленді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы,
Қызылжар ауданы

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53