Жаңа заман жастары білімпаз, жан-жақты дамыған, дарынды, сыншыл келеді. Заманауи білім мен ғылым бір жақты қағидатты ұстанудан алшақ болуы тиіс. Жасампаз жастардың талаптары, қызығушылығы, ізденімпаздық қабілеттеріне сай оқу-тәрбие беру мақсатында білім беру ұйымдары көп мәдениетті орта құруға ықпал етуі қажет. Яғни тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдауы, еңбек дағдыларын, экономикалық ойлай білуі мен кәсіби қалыптасуы, өзін өзі іске асыра алуы үшін саналы қарым-қатынас қалыптастыруы, экологиялық мәдениетін дамытуы, сондай-ақ, экоэволюция идеяларын қабылдау қабілеті мен оны күнделікті өмірде басшылыққа ала білуі алдыңғы орында тұрмақ.
Осы бағытта С.Қожықов атындағы №39 лицейдің 7, 8-сынып оқушыларынан құралған «Табиғат сақшылары» тобы «Экоклуб – біздің өмірімізде» атты қалалық конкурсына қатысты. Экологиялық тәрбие бағытында лицей оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен бірлескен жоба жұмысына дайындалып, Медеу және Алмалы аудандарының 50 мектебі арасынан іріктеліп келіп, қалалық біріншілікке шықты. Қалалық деңгейдегі «Экоклуб – біздің өмірімізде» байқауында аталмыш лицейдің Мағжан Алпамыс, Гүлім Қабдиллаева, Әмірхан Даниял, Рауан Исатай, Дильназ Досжанқызы, Карина Әскерғалиева, Зере Әбілжан, Жанерке Егеубайқызы, Аружан Сейдали және Альбина Нүсіпқұлова сынды оқушылары көзге түсіп, жүлделі орынға ие болды. Өз біліктіліктерін түрлі жарыстарда сынап, алдыңғы қатардан көріне білген оқушылардың қос қанатын тең сермеп, мәңгілік елдің лайықты көшбасшылары болары хақ.
Айта кетерлігі, бұл конкурсты Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Абай атындағы ҚазҰПУ, «PosadiDerevo.kz» республикалық қоғамдық ұйымы бірлескен жоба ретінде мектеп оқушылары арасында экологиялық сананы кеңейту және қалыптастыру мақсатында ұйымдастырып отыр. Әлемнің және мемлекеттің экологиялық мәселелеріне мектеп оқушыларының назарын аудару, оқушылардың табиғатты қорғау тақырыбына деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың мектептегі экологиялық үйірме жұмыстарын ынталандырып отыруды жөн көрген ұйымдастырушылар конкурс жеңімпаздарын естелік сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапаттады.
Гауһар БЕКТҰРҒАНОВА,
№39 мамандандырылған лицей
директорының орынбасары
АЛМАТЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29