«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында», – дейді Елбасы. Жастарды бүгінгі қоғамға лайық, жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеу жолында Мақтаарал ауданы, Асықата кенті «Жеңіс» мектеп-гимназия» мектебінде жұмыстар дұрыс жолға қойылған. Білім ұясында 96 жоғары білімді ұстаздар еңбек етіп келеді. Оның ішінде 45-сі жоғары санатты, 25-сі бірінші санатты, 12-сі екінші санатты мұғалімдер.
Жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған мультимедиялық кабинет, информатика, физика, химия, биология, математика, ағылшын тілі кабинеттерінде интерактивті тақталар орнатылып, компьютерлер интернет желісіне қосылған, электронды пошта, мектеп сайты үздіксіз жұмыс істейді. Мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылыққа баулу мақсатында жүйелі түрде оқыту мен оқуда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып келеді. Мұғалімдердің кәсіби әлеуетін көтермелеу мақсатында деңгейлік бағдарламалар негізінде сертификатталған мұғалімдердің «Бастау» қауымдастығы жүйелі жұмыс атқарып отыр.
Мектеп орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында әдістемелік жұмыстарды тиімді жүргізу мақсатында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің шешімімен ауданда жетекші мектеп саналады. 12 серіктес мектепке кәсіби қолдау көрсетуде мектеп модераторы А.Құмарбекова үздіксіз ізденістермен нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Мұғалімдердің іскерлік шеберлігі мен кәсіби әлеуетінің жоғары бағалануынан тарих, дінтану негіздері, математика, орыс тілі, технология, информатика пәндері бойынша тірек мектебі саналады. Мектеп базасында көптеген семинарлар, конференциялар, кездесулер, ашық есік күндері, байқау-сайыстар, оқушылардың пән олимпиадалары, тағы да басқа көптеген іс-шаралар ауқымды және әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде өткізіледі.
2015 жылы мектеп Мақтаарал аудандық білім бөлімінің ұсынысымен облыс әкімінің «Ең үздік білім беру ұйымы» гранты байқауына қатысты. Екі жыл қатарынан аудандық білім бөлімінің мектепаралық диагностикалық рейтингінің нәтижесінде мектеп ІІ орынға ие болып келеді. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мектептің жұмысын зерделеп, оқушылардың білім сапасын тексеру негізінде білім беру ұйымы аттестатталды. ҰБТ қорытындысы бойынша 94,3 балды көрсетіп, аудан мектептерінің арасында 5-орынға шықты.
Мұғалімнің үздіксіз кәсіби біліктілігін көтермелеу – ең жоғары марапат. Мектеп мұғалімдері барлық салада ұйымдастырылып отыратын байқау, сайыс, фестивальдардың белсенді қатысушылары болып табылады. «Үлгі көрсету» стратегиясы ұтымды да табысты жүзеге асырылуда.
Оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығы өте жоғары. Әрбір өлеңді нақышына келтіріп, образға ене отырып, мәнерлеп орындау шеберлігі басым. Олай дейтініміз, республикалық, облыстық Абай оқулары, Махамбет оқулары, Б.Момышұлы оқулары, Т.Айбергенов оқулары, І.Жансүгіров оқулары, Оралхан Бөкей оқуларында Ә.Исаков, Н.Төлеген, Ұ.Орман, Ә.Қанайбек, Д.Сатылхан, Б.Әзімхан, Д.Матжан, С.Жолдасбай сынды оқушылар дараланып, мектеп абыройын асқақтатып келеді. Бірнеше жылдан бері мектептің музыка пәнінің мұғалімдері М.Баймурзин мен К.Баймурзинаның жетекшілік етуімен «Кәусар» би тобы құрылып, облыстық, республикалық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегерлері атанып жүр. Спорт саласында да жетістіктері көптеп саналатын мектепте оқушылар арасында 4 спорт шебері бар. Күрестен, волейболдан, үстел теннисінен республикалық чемпионаттардың жүлдегерлері де жетерлік.
Оқушылардың білім сапасын арттыру және рухани тәрбие беру мақсатында әлі де қыруар жұмыстар жоспарлап отырған мектеп ұжымы Қазақстанның іргесі бүтін, ертеңі нұрлы болуы үшін еңбек ете береді.
Гүлжан УБАЙДИНА,
«Жеңіс» мектеп-гимназия»
мектебінің директоры
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтаарал ауданы,
Асықата кенті

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53