21 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығы №01-38.41

163 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2016 жылғы 9 қараша,  Астана қаласы «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының2015 жылғы 31 желтоқсандағы №01-38.49 бұйрығына толықтыру енгізу туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 6-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемле­кет­тік органдардың меморандум­дарын әзір­леу және бағалау қағи­даларын бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Прези­денті Әкімшілігі Басшысының 2015 жыл­ғы 31 желтоқ­сандағы № 01-38.49 бұй­рығына (Нормативтік құқықтық акті­лерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12944 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпандағы № 29 (28757) «Егемен Қазақ­стан» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларына 2-қосымша: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « 6.    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі    Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі ». 2. Қазақстан Республикасының Прези­денті Әкімшілігінің Стратеги­я­лық әзірлемелер және талдау орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министр­лігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Респуб­ликасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ликасы нормативтік құқықтық акті­лерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін жіберілуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жария­ланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол­данысқа енгізіледі. Ә.ЖАҚСЫБЕКОВ