21 Желтоқсан, 2016

Қарағандыда ескі көліктерді өңдейтін алғашқы зауыт ашылады

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Оператор РОП» ЖШС қайта өңдеуші кәсіпорындарды ұйымдастыру бойынша өткізілген тендердің қорытындысын жариялады. Тендерді жеңген компания жылына 50 мыңға жуық ескі көлікті өңдеп, оның металлдарынан керек-жарақты алып кәдеге жаратуға уәде беріп отыр.  Қазақстандағы ескі көлікті өңдейтін алғашқы зауыт құрылысы 2017 жылдың наурыз айында басталып, 2017 жылдың тамызында аяқталмақ. Тендерді жеңген Recycling Company ЖШС итальяндық өндірістегі технологияны қолданбақ. Зауыт сағатына 20-25 жеңіл автокөлікті өңдей алады. Ескі көліктерден алынған металл бұйымдар Қарағандыдағы металл зауытына жөнелтілмек.