Халықаралық бокс қауымдастығы 2016 жылдың мамыр айында өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын әуесқойлар боксындағы ерекше оқиға деп атады. Награданы Швейцариядағы жыл қорытындысына арналған арнайы кездесуде Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектеновке AIBA табыстады. Астанадағы әлем чемпионатына 65 елден келген 295 спортшы қатысты, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
«Бұл тек 2016 жылдағы ғана емес, сондай-ақ әйелдер боксының 15 жылдық тарихындағы үздік чемпионат, - деді AIBA әйелдер комиссиясының төрағасы Джойс Боуэн. - Мен Қазақстанның барлық қатысушыларға деген қонақжайлығына, ұйымдастырушылық деңгейіне тәнті болдым. Қазақстан бокс федерациясының осы наградамен марапатталғанына қуаныштымын. Басқа да ұлттық федерацияларға үлгі болатынына сенімдімін».
Жыл қорытындысы бойынша Өзбекстаннан әлем чемпионы Хасанбой Дусматов пен Ұлыбританиядан Никола Адамс үздік боксшы деп танылды. AIBA биылғы жылы жаңа сыйлықты «аңызға айналған боксшылар» - Legends Award бекітті. Аталмыш сыйлыққа Брахим Аслум, Владимир Кличко мен Мэри Ком ие болды. Марапаттау салтанатына Қазақстаннан AIBA вице-президенттері Тимур Құлыбаев, Серік Қонақбаев, ҚБФ атқарушы директоры Бекжан Бектенов, ҚБФ халықаралық байланыс жөніндегі үйлестіруші Динара Болатбекқызы қатысты.

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше