21 Желтоқсан, 2016

Елімізде алдағы үш күнде аяз күшейеді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің барлық аумағында алдағы үш тәулікте күшті аяз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Карск теңізінен арктикалық ауа Қазақстанның солтүстік аудандарына жетіп, аяздың күшеюіне себеп болды. Алдағы үш тәулікте 5-15º С климаттық нормадан төмен температурамен аяз оңтүстік-шығыс бағытқа араласып, біртіндеп Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Аязға қалың қар мен боран қосылады.