23 Желтоқсан, 2016

Экранда – ұлт болмысы

169 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
kino   Қазақ киносында жаңа белес алынды. Бұл – болмысымызды тануға жасалған маңызды қадам. Ізденіс әртүрлі тақырыптың аясында жүргізілгенімен, мақсат біреу. Біз кімбіз?! Қандай қасиеттерімізбен ерекшеміз? Киногерлер осы сауалдың айналасында ізденген. Идея да мақсатты түрде жүзеге асқан. Толық жауабы да берілген. Экранға өте мазмұнды туындылар келді. Мақсатты нәтижеге қол жетті. Сан сұрақтың жауабы алын­ды. Көкейдегі көп ойларға қо­ры­­­тынды нүкте қойылды. Кү­м­ән­ді сенім жеңді. Маңызды іс­­теріміз бен қасиеттерімізді фи­­ль­м­деріміз ар­­қылы алдыңғы қа­­­тар­ға шығара біл­дік. Біз шын мә­­нінде тектіліктің же­місіміз. Рухымыз биік. Әділміз. Есе­­міз­ді есепсіз жібермейміз. На­мыс­шылмыз. Ұсақ-түйек тер­мей­­міз. Іріміз. Ісіміз­ді адал­дық­қа негіздеп, адам­шыл­дықпен ше­­шім жасаймыз. Өзгеге қиянат жа­с­амаймыз. Сабырмен артын бағамыз. Ар­тық кетсе, ар-на­мыс­­қа тисе, абы­ройды төксе, ақ­тық жолдың кү­ре­сі­нде соңына дейін барамыз. Соң­ғы уақытта эк­ранға шыққан «Құнанбай», «Жұл­дыздар тоғыс­қан­да», «Аманат», «Анаға апарар жол» фильм­де­рінен осы бол­мы­сы­­мыз­дың үлгі болар тұтас бейн­е­сін кө­­ре алдық. Мемлекеттік сыйлықты қан­жы­ға­сына байлаған «Құнанбай» фильмі автор­лардың ерекше тал­ға­­мының нәтижесі. Құнанбай бей­несі үлкен шеберлікпен, тере­ңінен зерттеліп жасалған. Оның болмысынан ұлт­тың мінезін іздеген. Қомақты, жауап­кершілігі зор жоба сәтті жүзеге асқан. Бұл – фильм авторларының шы­­ғар­­ма­шылықта жаса­ған батыл да ше­шуші қадамы. Құнанбайдың заманы экранда барынша шынайы ашылғ­ан. Билікте ұста­нымы берік, әділ шешім жасай­тын бір Құнанбай бейнесінің мазмұнына тұтас қазаққа тән үлгі боларлық ортақ қасиетті үйлестіре білген. Шешуші сәттерде, даулы сы­нақта өзімізге сын көз­бен қа­рай­тын мі­не­зі­мізді де ба­ры­н­ша нанымды аш­қан. Араз­дық­қа ағайын­шыл­дық­пен нүк­те қоя­­­тын, сат­қын­дықты кеш­­­пей­тін, имансызға сенбейтін қа­­сиет­­теріміз де көрініс тапқан. Бұл фильм ұлттың бетке ұстар аза­­­мат­тарының ұстанымының қан­ша­лықты берік болуы қажет екен­дігінің үлгісін ашып бере алған туын­ды. Көк пен жердің байланысы шек­сіз. Құпиясы – сенім. Се­німі бе­рік тұл­ға ғана жараты­лыс­тың сы­­рын өзгелерден артық тү­сінеді. Келе­шегін көре­ді. Көш­ті жеткізетін жолын біле­ді. Таңдалады. Тағдыры көк­тен шеші­леді. Үлкен миссия жүк­те­леді. Бұл – ақиқат. Көп­тің бірі­нен көшбасшы бекер таңдал­май­­­ды. Кездейсоқтық болмайды. Ше­­шу­ші сәттер туады. Сыры жұл­­дыздарға ғана мәлім. Осы құ­­пияның мәнін Елбасының жур­налиске берген сұхбатында бір-ақ ауыз жауабының аясына сый­­дыра алған фильмнің бірі – «Жұл­дыздар тоғысқанда». Тақырыптық тұрғыдан өте сәтті туынды. Мазмұны терең. Тәлімі мол. Күрескерлік қасиет үлгі болар­лықтай. Фильм үлкен ше­бер­лік­пен жасалған. Сезіндіре алған. Жау­ап­кер­шілік жүгін кө­терудің оңай емес еке­­нін. Тү­сіндіре білген. Бар­ды сақ­тау­дың да маңызды екенін. Елбасының естеліктеріне құ­ры­л­ған оқиға желісі көп жайт­тың басын ашады. Өткенге оралу, бүгінгі күннің маңызы бір-ақ бас­ты құн­дылықты түсіндіре ал­ды. Тәу­елс­із­діктің құны. Келе­шек­ке деген сенім. Дана ұлттың ұр­­пағының бо­лашағы да жарқын бо­луға тиісті. Фильмнің тұтас мағынасы үлкен жүректің сырын ақтарады. Халықтан қалауы да бір-ақ тілек. Өмір сүру салты мен ойлау сапасы да лайықты үйлесімнің үлгісін көрсетсе игі. Біз еңсесі биік елміз. Халық осы рухты жігерлендіруші басты күш. Осы міндет бәрімізге ортақ. Өткен тарихымыз бен тағдырымыз бізге бір-ақ нәрсені түйсінуге мүмкіндік береді. Біз барды бағалап қана қоймай, оны сақтаудың да жолдарын меңгере білуіміз керек. Әр ғасыр өз жаңалығымен ке­леді. Алмағайып заманның өз бол­­жамы болады. Уақыт ке­піл­дік бер­мейді. Даналықпен ше­шім жа­сай­тын қасиетімізден ажыра­ма­сақ, сенімімізді жоғалтпасақ, бір­тұ­­тас­­тығымызды сақтасақ, ала­тын асуы­мыз көп болады. Сыры жұл­дыз­дарға ғана мәлім. Бұл фильм жа­­ра­тылыстың өз шеш­імі бола­тын­дығын, ол маңыз­ды сәт жұл­дыз­дар то­ғыс­қанда туатын­дығының құ­пия­сын Елбасы­ның өмірінің мыса­лында тү­сіндіріп бере алуымен құнды. Тарих даулы болмас үшін тек қана жеңіспен нүкте қоя білу керек. Өмірде айналып өтуге бол­майтын, аяғына жеткізбей қой­майтын жауапты іс бар. Бұл – аманат. Біздің халық аманатқа ерекше жауапкершілікпен қараған. Аманатқа қиянат жасауға бол­майды деп те бекер өсиет айтыл­ма­ған. «Аманат» фильмінің авторы үлкен жауапкершілікті көте­ріп шыққан. Жаратылыстағы тіршіліктің жо­ғарғы мәнін сақтау адамзатқа ама­­нат. Шешуші тұлғалардың ма­ңыз­д­ы ісін жалғастыру ұрпаққа ама­­­нат. Кенесары ханның бас сүйе­гін қай­тару қазақ халқына аманат. Та­рих­­та аяқталмаған мис­сия­ны қо­­ры­тындылайтын сәт туа­ды. Бас­ты мүд­де үшін кү­рес­кен тұл­ғалар ру­хының ты­­ныш­тығы үшін. Бұл фильм тари­хи аманаттың ар алдын­дағы ма­ңызын ашып бере алуымен құнды. «Анаға апарар жол» ұлттың жү­ріп өткен тарихи кезеңдерінің ма­ңыз­ды тұстарын қамтыған. Ұзақ жол. Сынаққа толы. Осы толғанысты ананың ұлын күте­тін ішкі күйімен сәтті ашқан. Фильм авторларының басты мақ­саты да осы күйді ашып беру. Мем­лекеттің мүддесімен бай­ланыс­тыру. Ұғындыру. Қайтпас қай­сар күрескерлік мінезімізді Ілияс­тың бейнесі арқылы үлгі ету. Ана мен бала арасындағы махаббат бейнебір жаратылыстың үйле­сімін ұстап тұрғандай құ­ді­ретке ие. Осы байланысты филь­мнің табиғаты сезіндіре алған. Ананың, жалпы әйел затының қоғамдағы алар орны ерекше. Ұрпағының келешегіне алаңдаған ананың бейнесі үлгі боларлықтай. Жолын сағына күткен, келетініне сенген ананың жүрегі бейнебір балаға деген махаббаттың бар сырын ақтарғандай. Бұл фильм Анаға тән басты қасиетті ашып бере алуымен құнды. Гүлзат КӨБЕК, кинотанушы, өнертану PhD докторы, «Тұран» университетінің профессоры