23 Желтоқсан, 2016

23 желтоқсанға арналған ауа райы

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23 желтоқсан күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын қатты болатыны болжанады. Жекелеген өңірлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында  бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын, тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болуы ықтимал.