Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау бойынша байқаудың сарапшылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің ресми сайты.
Қазіргі уақытта өңірлік брендинг көп жағдайда мемлекеттің туристік және инвестициялық тартымдылығының деңгейін анықтайды, олардың өнімдерінің танымалдығын арттырып, халықаралық аренадағы беделіне және ғаламдық еңбек бөлінісіндегі орнына ықпал етеді.
«Соңғы жылдары әлемде визуалды графика кеңінен қолданылуда. Адамның 80 пайызы ақпаратты көру арқылы алады. Кәсіби маркетологтар бұрыннан бері өз жұмыстарын осы қағиданың негізінде жүргізіп келеді. Сондықтан, бүгінгі таңда мәліметті тез ұғыну үшін инфографика, фото-бейне материалдарға басымдық берілуі кездейсоқ емес», деп атап өтті отырыс барысында вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов.
Еске сала кетейік, Қазақстанның халықаралық аренадағы оң келбетін қалыптастыру және танымалдығын арттыру, қазақстандық ерекше туристік орындарды ақпараттық қолдау, шетелдік инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау жөніндегі республикалық байқау 31 тамызда басталды. Байқауға қатысушылардан Қазақстанның әлемдік кеңістікте танымалдығын арттыруда қолданылатын логотип немесе эмблема жобасын және оған ұран сөзді қоса ұсыну талап етілді.
Ұйымдастыру комитетіне азаматтардан барлығы 1000-нан аса жоба келіп түсті. Қазіргі уақытта байқаудың I кезеңі – интернет қолданушыларының дауыс беруі аяқталды. Оның аясында қазақстандықтар өздеріне ұнаған жобаға дауыс берді. Екінші кезең – интернет дауыс беру нәтижесінде іріктелген үздік жобалар Сарапшылық кеңесте таныстырылды.
Атап айтқанда, Сарапшылық кеңестің қарауына дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 40 жұмыс ұсынылды. Сарапшылар бұлардың ішінен үздік 10 жобаны таңдап алады. Байқау ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық бренді – ресми логотипі мен ұраны қалың көпшілікке таныстырылады.
Сарапшылық кеңес құрамына танымал саясат және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, мәдениет пен өнер қайраткерлері кіреді.
Сарапшылық кеңестің шешімімен келесі отырыс тура бір айдан кейін өткізіледі, онда ұсынылған финалдық жобалар қаралады.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше