ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев кеншілер қаласына арнайы келіп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымын жаңа ректор – белгілі ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы Марат Ибатовпен таныстырды.
Таяуда Астанада Мемлекеттік жоғары оқу орындарының басшылығына кандидаттарды анықтау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өткен болатын. Республикалық конкурстық комиссия, әңгімелесу мен жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі ұсынылған бағдарламаны талқылау нәтижесінде, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры лауазымына Марат Кеңесұлы Ибатовты тағайындауды ұсынды. Ректор жаңа талаптарға сәйкес, нақтырақ айтқанда, ашық конкурс әдісімен сайланды.
Бұрынғы жылдары мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР Білім және ғылым министрі тағайындайтын. Және оқу орындарының басшылары өз қызметтерін екі және одан да көп мерзімнен басқарып келді. Бұрын да хабарланғандай, аталған қызметке тағайындаудың жаңа жолы басқарудағы дербестікті жетілдіру мен білім сапасын арттыру, сонымен қатар олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту мақсатын көздейді.
М. Ибатов ҚарМТУ үшін өз адамы: ол бұрын осы университетте факультет деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, бірінші проректор қызметтерін атқарған. Соңғы төрт жылда Теміртау қаласында орналасқан Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің ректоры болды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған тұлғалар білім алған әйгілі университетті білікті ғалым, тәжірибелі басшы М. Ибатов жаңа биіктерге көтереді деген сенім мол.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда үш мемлекеттік ЖОО-ның ректоры таңдалғанын хабарлаған болатынбыз.
Қайрат Әбілдинов, "Егемен Қазақстан".
• 23 Желтоқсан, 2016
Сағадиев Қарағанды МТУ ұжымын жаңа ректормен таныстырды

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03