23 Желтоқсан, 2016

Ауа райы қолайсыздығынан 3 облыста жол жабылды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды, деп хабарлайды "Қазавтожол" РМК баспасөз қызметі. Алматы облысында қатты бораннан Үшарал-Достық жолдары, Оңтүстік Қазақстанда және Жамбыл облысында Алматы-Ташкент-Термез жолдарындағы барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді. "Қазіргі таңда аталған республикалық маңызы бар жолдарға 20 жол-эксплуатациялық техника мен "Қазавтожол" РМК облыстық филиалдарының қызметкерлері жұмылдырылған", делінген хабарламада.