23 Желтоқсан, 2016

Сингапурдың өнеркәсіп саласы қарқын алды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен айда Сингапурдағы өнеркәсіп өндірісі көлемі күтілгеннен әлдеқайда артық болды. Бұған бүгін шыққан ресми мәліметтер дәлел, деп жазады investing басылымы. Сингапур статистикалық департаментінің мәліметіне сай, бір жыл ішінде елдегі өнеркәсіптік өндірістің өсімі 11,9 пайызға ұлғайған. Бұл өткен айдағы көрсеткіштен 1,3 пайызға артық. Сарапшылар жыл басында елдегі өнеркәсіптік өндірістің 1,6 пайыз ғана өсетінін болжаған еді.