23 Желтоқсан, 2016

Головкин 2017 жылғы жекпе-жек уақыттарын айтты

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин BoxingScene.com порталына берген сұхбатында келесі жылы өткізетін жекпе-жектері туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. "Келесі жылы 3 немесе 4 жекпе-жек болады деп үміттенемін. наурыз, маусым, қыркүйек пен желтоқсан аралықтарында өткізуім мүмкін. Менің жоспарым осындай", деді Головкин. Басылым Головкин биыл тек екі рет  рингтке шыққанын да жазған. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Головкин мен Джейкобс келесі жылы 18 наурызда бокстасатыны туралы хабарлаған болатынбыз.