23 Желтоқсан, 2016

Қостанайда өндіріс цехында газ баллоны жарылды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайдағы өндіріс цехтарының бірінде үш газ балоны жарылып, кеңсенің қабырғасы құлап, өрт шықты. Соның салдарынан күзетші 2-3 сатыдағы күйік жарақатын алды. Газ баллоны жарылған қай цех екенін төтенше жағдайлар департаменті ашып дәделдеген жоқ. Бұл Қостанайда алғаш рет болып отырған оқиға емес. Күзде облыс орталығына жақын Затобол кентіндегі жеке үйде жарылған газ баллонынан үш адам зардап шегіп, оның ішінде ерлі-зайыптылар ауыр күйіктен қайтыс болған еді. Ал олардың  інісі  әлі күнге дейін жарақаттан ем алып жүр. Кейін төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтағандай, баллоннан кеткен газ осындай қасіретке соқтырған. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ескерту парақшасында газ баллонын таситын кәсіпкерлер де, тұтынушылар да  оның қауіпсіздік ережелеріне мән бермейтінін айтқан. Газ баллоны  85 пайыздан артпайтындай етіп толтырылуы қажет. Ыдыс толтырылардың алдында  мұқият тексерілуі керек. Барлық қауіпсіздік  ережелері сақталуы үшін арнайы  толыққанды газ құю стансасы болуы тиіс, бірақ жеке құрылымдардың көбінде ол жоқ. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»