27 Желтоқсан, 2016

27 желтоқсанға арналған ауа райы

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде тау және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с асады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының тұман, көктайғақ болады. Қызылорда, облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 25 м/с күшейеді.