Сайрамсу өзенінің бойына ел ерте заманнан қоныстанған. Егін егуге, мал өсіруге қолайлы аймақ. Солардың бірі – Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылы. Бұл елді мекеннің тарихы бай. Осы жерден кезінде 3 Еңбек Ерінің шыққандығының өзі көп жайды аңғартса керек. 1959 жылы біз сөз етіп отырған Қазақстан ауылына заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов келген. Бұл оқиға қаламгердің Оңтүстікке жасаған сапары жайлы жазылған естеліктерінде айтылады. Жазушы ауыл ардақтысы әрі абыройлы азамат Сыпабек Тілеуовтің шаңырағына келіп түскен. Анасы Көркем апа жас кезде Тұрар Рысқұловпен бірге өсіпті. Осы туралы қаламгерге көптеген мағлұмат айтып бергенге ұқсайды. Ал Көркем апаның баласы Сыпабек «Абай жолының» бірінші кітабындағы «Қияда» деген бөлімінің төртінші тарауынан үзінді оқып бергенде Мұхаңның көңілі көтеріліп, риза болған екен. Бұл жайында мен ұлағатты ұстаз Сейілбек Алпаевтан, Кенже Жолымбектен естіген едім.
...Содан бері қаншама уақыт өтті. Ал империя күйреп, егемендік алғанымызға ширек ғасырға жуықтады. Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақстан ауылында жаңа дербес мектеп салынғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Оның жанынан ескерткіш орнатылып, Ұлы Отан соғысында жат жерде қалған және елге аман-есен оралып, бейбіт өмірде қайтыс болған майдангерлердің аты-жөндері мәрмәр тасқа қашалып жазылған. Мектепте өлкетану музейі жұмыс істейді. Онда ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің осы өңірдегі сапарынан белгі ретінде біз сөз етіп отырған сурет те көрнекі жерге қойылған.
Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Төлеби ауданы
Суретте: жазушы М.Әуезов Қазақстан ауылының тұрғыны Көркем әжемен әңгімелесуде. 1959 жыл

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше