29 Желтоқсан, 2016

Амстердамда төлем терминалымен қайыр тілейтіндер бар

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Амстердамда үйсіздерге арнап төлем терминалы бар киімдер шығарылды. Енді жергілікті тұрғындар қайыр тілеушілерге қолма-қол ақшасыз төлем жасай алады, деп жазады Stock News. Мұндай киімдерді жасаушылар соңғы кездері тұрғындардың қалтасында ақшасы бола бермейтіндіктен, қайыршылардың жағдайлары нашарлап кеткенін айтып отыр. Енді осы жоба арқылы бір еуро беру үшін банк картасын қайыр тілеушінің киіміндегі терминалына жақындату жеткілікті болмақ. Ал жиналған барлық қаражат үйсіздерге көмек көрсететін орталыққа аударылады. Әзірге осындай әдіспен қайыр тілеп жүргендер бірен-саран. Егер қайырымдылық жобасы жергілікті тұрғындардың көңілінен шықса, оның аясын кеңейту жоспарланған.