Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылғанымызға небәрі жиырма бес жыл уақыт өтті. Бұл тарих үшін аз уақыт болса да, сол бір тәуелсіздік алған уақытта дүниеге келген сәбилер қазіргі таңда бір-бір отбасының әкесіне, анасына айналып, бір-бір шаңыраққа ие болып отыр.
Дана бабаларымыз елдікті қалыптастыру бағытында көптеген даналық сөздер қалдырып кеткен болатын. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген нақыл сөзді ту қылып ұстаған Төле би, Қазыбек пен Әйтеке билер қара қылды қақ жарып, тура жолдан айнымаған. Соған орай «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген жақсы сөз бар. Тура жолдан айнымай, жас мемлекетіміздің іргесін нығайтуға әрбір Қазақстан азаматы үлесін қосар болса, дамыған 50 ел емес, алғашқы ондықтан көрінеріміз ақиқат. Ол үшін Елбасы тарапынан мемлекетімізді нығайту жолында жасалып жатқан өмірлік маңызы жоғары бағдарламалар мен жобаларды қолдай отырып, қатерлі індет – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» іске кірісуіміз қажет.
Бүгінде қоғамның бас ауруына айналып отырған жемқорлық сөзі (corruptio) латын тілінен аударғанда «сатып алу» мағынасын береді. 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күрес туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан сол конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмысқа, негізінен, лауазымды қылмыстар жататыны белгілі. Жалған ақпарат беру, екі тараптың ымырашылдық әрекеті және қызметтік лауазымды жеке бас мүддесіне пайдалана отырып қызметтік жалғандық жасау, пара беру, алу тәрізді істер қазіргі қоғамның кеселі. Сондықтан қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бір немесе екі адамның қолынан келмейтінін, мұнымен бүкіл қоғам болып күресу қажет екендігін Елбасымыз халық алдында аз айтып жүрген жоқ.
Бұған қоса, сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында көптеген бағдарламалар мен қаулылар шығарылып жатыр. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы Жарлығы негізінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулы шығарылып, Қазақстан Республикасының Үкiметi 2011 жылы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама бекiтті.
Ал 2014 жылы Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» бекітілді.
Бұл бес бөлімнен тұратын бағдарламада өзекті мәселелер қамтылған. Әсіресе, бағдарламадағы «Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар» атты бөлімінде Қоғамдық бақылау институтын енгізу тармағы қарапайым халық арасында қызу қолдауға ие болуда.
Демек, нәтиже де жоқ емес, бар. Бір мақтанатын жеріміз, халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің деңгейі жөнінен посткеңестік кеңістікте алдыңғы орында келеді екен. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай.
Сәбит ПӘРМЕНҚҰЛ,
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі археология және
тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімінің меңгерушісі

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52