29 Желтоқсан, 2016

29 желтоқсанға арналған ауа райы

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Республиканың оңтүстік-шығысында тау және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел екпіні таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с аса күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20, таңертең және күндіз 25 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде көктайғақ күтіледі. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.