29 Желтоқсан, 2016

Алматыда 31 желтоқсанда концерт болады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы қаласында Жаңа жыл қарсаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Республика алаңында концерт өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік бағдарлама 22:00-де басталады. "Республика алаңы 31 желтоқсан күні сағат 20:00-ден бастап 1 қаңтар түнгі сағат 01:00-ге дейін жабылады. Сағат 22:00-де концерт басталады. Оған Ақылбек Жеменей, Жанна Орынбасарова, Абай Бегей, "Алан" тобы бастаған қазақ эстрада жұлдыздары қатысады. Концерт түнгі сағат 23:52-ге дейін болады", делінген хабарламада. Сағат түнгі 12-ге қарай алаңға Аяз Ата мен Ақшақар келеді. Ал 23:58-де ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауы көрсетіледі. Концерт біткен соң келушілер мерекелік отшашу тамашалай алады.