Ерғазы Нұрғалиев "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-тың президенті болып тағайындалды, - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті болып Ерғазы Нұрғалиев сайланды", - делінген хабарламада. Ерғазы Нұрғалиев 1954 жылы 4 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 1977 жылы "Сәулет" мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын, 2001 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша Мәскеу халықаралық экологиялық-саясаттану университетін тәмәмдады. 1977 жылы құрылыс әскері лейтенанты атағымен жедел қызметті өтеу үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағына жіберілді. 1977-1979 жылдар аралығында КСРО ҚМ 130 құрылыс бас басқармасының бөлімшелерінде әскери борышын өтеді. "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон", "Энергия-Боран" тасымалдағыш зымырандарының старттық және техникалық кешендерінің құрылыстарында жұмыс істеді. 1979-1989 жылдар аралығында ғарыш айлағының күрделі жөндеу құрылысы басқармасында түрлі инженерлік лауазымдарды атқарды. 1989 жылы Халық депутаттарының лениндік қалалық кеңесінің Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ленинск қаласында алғаш құрылған әкімшіліктің құрылымында 1992-1995 жылдар аралығында қаланың бас сәулетшісі, Ленинск қаласының Әкімшілік басшысының орынбасары, Мемлекеттік мүлік жөніндегі қалалық аумақтық комитеттің төрағасы қызметтерін атқарды. "Байқоңыр" ғарыш кешенін жалға алу жағдайларында, 1995 жылы Е.М. Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен "Байқоңыр" ғарыш кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Арнаулы өкілі болып тағайындалды, осы лауазымды 2004 жылға дейін атқарды. 2005-2007 жылдар аралығында "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.2007-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Жауапты хатшысы лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қайта құрылуына байланысты, 2014 жылдың тамызынан бастап 2016 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын, 2016 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне осындай лауазымды атқарды. "Байқоңыр" ғарыш айлағының ардагері, Е. Нұрғалиевке ғарыш кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін 2011 жылы "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы", "Байқоңыр" ғарыш айлағының еңбек сіңірген құрылысшысы" атақтары берілді.
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13