29 Желтоқсан, 2016

ЭКСПО қонақтары Жетісуді аралайды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЭКСПО қонақтары Жетісу жерін аралайды. Қазір осы бағытта арнайы жұмыстар атқарылуда. Бұл жөнінде бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында мәлім болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Мамандардың айтуынша, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесіне келетін қонақтар Жетісу өңірінің табиғаты көркем жерлерімен танысады. Қазір туристердің баратын бағыттары айқындалып, белгіленген. Жоспарға сәйкес, меймандар  «Таңбалы»  мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі, «Алтын Емел», «Жоңғар Алатауы», «Шарын» және «Көлсай көлдері» ұлттық парктеріне барып, өңірдің туристік әлеуетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. Айта кету керек, қазіргі таңда Жетісу жерінде туризм саласы қарқынды дамып келеді. Биыл  43 туристік нысан іске қосылды. Оның 30-ы Алакөл ауданында. Қазір аймақтағы туристік нысандар саны 400-ге жуықтады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық.