Ұлттық тағамдар бойынша сарапқа салынатын «Универсиада ұсынған» атты арнаулы сертификатты ұтып алды
Қазақтың қазысы мен қартасы, жал-жаясы әлемдік мейрамханалардың ас мәзірінің қатарынан орын ала бастағанына онша көп бола қойған жоқ. Әрісі Америкада, берісі Франция мен Австрияда қазақтың сүйікті тамағы – ет асуды үйреніп алған шетелдіктер санының көбейіп келе жатқанын байқап та, көріп те жүрміз.
Алматыда өтетін ХХVІІІ қысқы Универсиада мен Астанада отау тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне төрткүл дүниенің төрт бұрышынан ағылып келушілер арасында міндетті түрде қазақ тағамының дәмін көргісі келетіндердің көп болары даусыз. Осыған орай біздің қазақ ас мәзірін дайындаушы мамандар мен технологтарымыз да қол қусырып, қарап отырған жоқ. Оның айқын куәсі күні кеше Алматының тау бөктерінде жаңадан ғана ашылған «Qazaq Restaurant» мейрамханасы «Универсиада ұсынған» атты арнаулы сертификатты ұтып алды.
Мейрамханада тек қана қазақ ас мәзірі дайындалады. Бір мезетте 90 адамға қызмет көрсетеді. «Qazaq Restaurant» – Қазақстанда өтетін халықаралық шараларға қатысты Алматыда есігін ашқан «Гәкку» мен «Koktem Ballrom»-нан кейінгі саны жағынан үшінші мейрамхана. Мұның сыртында алыс-жақыннан келген меймандарға қаладағы өзге де 150 қазақ ас мәзірі араласқан мейрамханалар мен дәмханалар лайықты қызмет көрсетеді. Алматының кәсіпкерлік пен индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Универсиада ойындары аясында қаладағы сала бойынша шағын және орта бизнесті дамыту ісі одан әрі жалғасын табады. Соңғы ашылған екі қазақ мейрамханасы алматылық 170 адамға жұмыс тауып берді», дейді.
Жыл жабар тұста жаңалық болған қазақ мейрамханалары алғашқы келушілерін, әсіресе, шетелдіктерді қабылдап та үлгерді. «Қазақ дәмінің тәбетіңді тартар иісін-ай» деушілердің қатары көбейіп келеді. Өйткені, мұндай ас мәзірі аста-төк, дәмі де, қызмет көрсету сапасы да жанға жағымды мейрамханалардың алдынан өтіп бара жатып оған мойын бұрмау, бас сұқпау мүмкін емес.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Есірткі • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05
Баға өсімі баяуласа, тұрмыс түзеле ме?
Баға • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:58
Жетісудың су қоры: Түйінді мәселелер мен тиімді шешімдер
Талбесік • Бүгін, 08:55
Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды
Оқиға • Бүгін, 08:53
Қыздардың еншісінде – бес медаль
Бокс • Бүгін, 08:48