30 Желтоқсан, 2016

Кітапхана – сенімді көмекшіміз

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды қаласындағы №92 гимназияда Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған кітап көр­месі ұйымдастырылып, «Алаш» қозғалысының ұлы көсемі – Әлихан» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеген көрмеде шәкірттер назарына мектеп кітапханасының байырғы қорымен қатар, бірталай жаңа туындылар да ұсынылды. Ал дөңгелек үстел отырысында Әлихан Бөкейханұлының ғұлама ғалым, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудар­машы, публицист ре­тін­дегі сан қыры сараланып, оның қазақ халқының саяси-әлеу­меттік, мәдени, рухани тарихында алатын орны ұстаздар мен оқушылардың қызу пікірталасына өзек болды. Мектебімізде оқушыларды білім әлеміне тартуда кітап­хананың атқаратын рөлі зор. Аталған шаралар со­лар­дың бірі ғана. Осы орайда гимназиямыздың кітап­ханашылары Ж.Құсайын мен Ү.Мақатованың және тарих пәнінің мұғалімі Д.Үтжановтың еңбегі зор. Кітапханада әртүрлі тақырыптағы іс-шаралар жиі өтеді. Оқушыларға керекті әдебиетті тауып беру, бағыт-бағдар көрсету, әдебиеттің тізімін құрастыру сияқты көз­ге көрінбейтін, маңызы зор жұмыстар тұрақты атқарылады. Кітапхана мектебіміздің гүл­денуіне мол үлес қосып, оқу­шыларға да, ұстаздарға да үлкен көмегін тигізіп отыр. Айжан СҰЛТАНОВА, Динара ҚАНАФИНА, №92 гимназияның 9-сынып оқушылары ҚАРАҒАНДЫ