30 Желтоқсан, 2016

«Эйр Астана» универсиада алауын Алматыға жеткізеді

124 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

_v6a6156Универсиада алауы

Қазақстанның 14 өңірінде жағылған 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универ­сиаданың алауы 25-29 қаңтар­да Алматыға жеткізіледі, онда әкелінген барлық алаулар ойын­дардың салтанатты ашылу рәсі­мі кезінде Универсиаданың үлкен бір Алауына біріктіріледі. Алау­лар қауіпсіз шахтерлік Дэви лампаларымен тасымал­да­нады, оларды техникалық мамандар мен өңірлік ЖОО-ның үздік студенттері алып жүреді. Жарыстар Қазақстанның оңтүстік астанасында 2017 жылғы 29 қаңтардан 8 ақпанға дейін өтеді. Қысқы Универсиаданың бағдарламасына спорттың 12 түрі кірді. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Еліміздегі ең ірі «Эйр Астана» әуе компаниясы ұлттық тасымалдаушы ретінде 2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Бү­кіләлемдік қысқы Универсиаданың ұйым­дастыру комитетімен ынтымақ­тас­тық жөнінде келісімшарт жасасты. «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фос­тер және 2017 жылғы Универсиада дирек­циясының басшысы Наиль Нуров құ­жатқа қол қойып, соның негізінде атал­ған қазақстандық әуе компаниясы Қыс­қы ойын­дардың демеушісі атанып, Уни­вер­сиаданың ресми серіктесі деп танылды. Келісімшарт негізінде, «Эйр Астана» жергілікті және халық­аралық әуе рейс­теріне спорт­шылар мен дирекцияның ресми өкілдеріне айтарлықтай жеңілдіктер жасайды. Эстафета алауын Астанадан өзге 15 өңір мен Алматы қаласына тасымалдаумен айналысатын болады. Және де ақысыз түрде дирекция шара­ларын өз коммуникациялық тетік­тері арқылы насихаттайды. – Қысқы Универсиаданы ұйым­­дас­тыруға көмектесуге мүм­кі­ндік алғанымыз бізді қа­нат­­­тандырып, жігерімізге күш қос­ты, – деп атап өтті «Эйр Астана» әуе ком­паниясының пре­­­зи­денті Питер Фостер. – Спорт сайыстары­ның ең ма­ңыз­­дысы Алматыда өтіп жат­қаны әлем­ге Қазақстанның зор мүмкіндігі мен әлеуетін көр­сетіп, елдің танымалдығы мен туристік мүмкіндіктерін одан әрі арттыруға ықпал етеді. «Эйр Астана» аталған шараға қолдау көрсетуді үлкен мәртебе деп санайды. – Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе компаниясы әлемдегі ең үздік компаниялардың бірі болып табылады. Біздерге, Ойын­дарды ұйымдастыру комитеті үшін «Эйр Астанамен» ынты­мақ­тастық орнату, Универ­сиада­ны сәтті өткізу берік сенім қалыптастыратыны талассыз, – деді 2017 жылғы қысқы Универ­сиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров. Атап айтарлығы, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы Универ­сиада бағдарламасына мәнер­леп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткі­зі­л­етін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады. Студенттер арасын­дағы спорт ойындарына бірнеше мың отандық және шетелдік турист келеді деп болжануда. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 миллиард адам теледидар ар­қылы тамашалап, қайталанбас керемет ойындардың куәсі болмақ. «Эйр Астана» 2002 жыл­дың 15 мамырынан бері ұшы­рылымды жүзеге асырып келеді, бүгінде Батыста шығарылған 30 ұшақтан тұратын Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 и Embraer E190 әуе кемелеріне арналған паркі бар. Компанияның мар­шруттық желісі 60-тан астам халық­аралық, өңірлік бағытты қамтиды. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа әуе компаниялары арасында Skytrax World Airline Awards 2012 беделді жүлденің 4 жұлдызына бірінші болып, лайықты атанды. Және де Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуе компаниясы болып танылды. Қос жүлде, 2013, 2014, 2015 және 2016 жылдары расталды. Осындай жоғары көрсеткіштер мен биік деңгейге жетіп жүрген компанияның жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарып шығатындығына сенім мол. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»