30 Желтоқсан, 2016

Жоғарғы сот жұмысын қорытындылады

145 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми сот жүйесінің 2016 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. Қ.Мәми 2016 жыл сот жүйесі үшін өте табысты бол­ғанын атап өтті. Қазақстан Тәуел­сіз­ді­гінің 25 жылдық мерейтойы шеңберіндегі соттардың жетістіктері туралы айта келе, ол Ұлт жоспарында көзделген барлық ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралардың орындалғанына тағы бір мәрте назар аударды. Осылайша, заң мен құқық үстемдігі қағидатын іс жүзінде неғұрлым жүйелі орындау тұрғысынан сот жүйесі мен заңнаманы реформалау мүмкін болды. Осы орайда Қ.Мәми: «Бұл жұмыстар сот төрелігін жүзе­ге асырудың сандық және са­палық көрсеткіштеріне, халықаралық рейтингтегі сот жүйесінің орнына және, ең бас­тысы, азаматтар құқықтарының сотта қорғалуының жай-күйі мен деңгейіне жағымды әсер етті», – деді. Ол Жоғарғы соттың жалпы отырысының биылғы жылғы жұмысы нәтижелі болғанын атап өтті. Барлығы 15 отырыс өтті. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңда көзделген жалпы отырыс­тың барлық құзыреті, соның ішінде төралқаны, Сот жюриінің құрамын, Халықаралық кеңесті, Ғылыми-консультативтік кеңесті құру, олардың қызметінің құ­қық­тық базасын қабылдау мен жаңарту бойынша қызметі іске асырылды. Осы жылы алғаш рет судьялар облыстық соттың судьясы лауазымын иелену тұр­ғысындағы ұсынымдар мәселесі бойынша облыстық соттардың (Павлодар және Қостанай) жалпы отырыстарының қорытын­дыларына шағым түсірді. Норма шығармашылық салада да елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Сот практикасын жетілдіру және оның біркелкілі­гін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы сот практикасы­ның көптеген өзекті мәселелері бойынша 16 нормативтік қаулы қа­былданды (салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы 8 нормативтік қаулы қабылданды). Жоғарғы сот төрағасы: «Бұл жетістіктің барлығы жақсы, бірақ біз осымен тоқтап қал­мауы­мыз керек. Бізді алда күр­делі жұмыстар мен жаңа мін­­дет­­тер күтіп тұр», дей келе, мүм­кіндікті пайдаланып, отырысқа қатысушыларды алдағы Жаңа жылмен құттықтады.