Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Yahoo Sports порталының нұсқасы бойынша үздік бапкер атанды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Оның үздік шәкірттерінің бірі – WBC, WBA, IBF және IBO белбеулерінің иесі қазақстандық боксшы. Бірақ биыл Санчестің өзге де боксшылары жақсы қырынан көрінді.
Ресейлік Мурат Гассиев (24-0, 17 KO) бірінші ауыр салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, оның отандасы Денис Шафиков (38-2-1, 20 KO) жеңіл салмақта IBF белбеуіне қол жеткізді. Сонымен қатар, Константин Пономарев (31-0, 13 KО) және Алекса Суседо (23-0, 14 KO) кәсіпқой бокстағы жеңісті жолдарын ары қарай жалғады. Ал Энди Руиз (29-1-0, 19 KO) ауыр салмақта титулдық жекпе-жегіне дейін жетті.
Үздік бапкер атағында Абель британиялық Карл Фрэмптонның жаттықтырушысы Шейн Макгиганды басып озды. Yahoo Sport бұған дейін британиялыққа үздік боксшы атағын берген.
Айта кетейік, WorldBoxingNet басылымы және бокс жайлы жазатын америкалық журналистер қауымдастығы Санчесті жыл жаттықтырушысы атаған.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше