30 Желтоқсан, 2016

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды  "Қазгидромет" РМК. Синоптиктердің мәліметінше, Ақтөбе облысында 31 желтоқсанда таңғы және күндізгі уақытта жел болады, секундына 25 метр жылдамдықпен жел тұрады. "Астанада 31 желтоқсанда таңғы және күндізгі уақытта, 1-2 қаңтарда тәулік бойы жел тұрып, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында 1-2 қаңтарда жел күтіледі, оңтүстік-батыс желі секундына 15-20 метр жылдамдықпен, кейбір жерлерде секундына 30 метрден аса жылдамдықпен жел тұрады", - делінген "Қазгидромет" сайтында.