30 Желтоқсан, 2016

Мереке күндеріне арналған ауа райы

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Синоптиктер Жаңа жыл түнінде және одан кейінгі мереке күндері қатты аяздар болмайтынын болжауда, ауа температурасы әдеттегіден 4-10ºС жоғары болады. Атмосфералық фронттардың ықпалынан облыстардың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, батыстан соққан желдің екпіні 15-25 м/с дейін артады. Оңтүстік өңірлерде дымқыл қар жауып, көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Елдің батысында түнде 1-10ºС аяз, күндіз 5ºС аяз - 5ºС жылы; солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде 5-15ºС, күндіз 2-10ºС аяз; орталықта түнде 7-12 ºС, кей жерлерде 18-23 ºС аяз, күндіз 2-12ºС аяз; шығыста түнде 8-18-ден 3-15ºС дейін аяз, күндіз 3-15-тен 0-5ºС дейін аяз, кей жерлерде 8ºС аяз; оңтүстікте 5-10ºС, кей жерлерде 13ºС аяз, күндіз төмендеп, 5-10ºС жылы, кей жерлерде 2-7 ºС аяз 0-5 ºС аяз, кей жерлерде 5 ºС аяз; оңтүстік-шығыста түнде 2-13ºС аяз, күндіз 0-5ºС жылы, кей жерлерде 3-8ºС аяз күтілуде. 31 желтоқсан күні Астана қаласында бұлтты, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, 1-2 қаңтарда  25 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде 6-11ºС аяз, күндіз 2-7ºС аяз. Алматы қаласында  31 желтоқсан - 1 қаңтар аралығында күн райы жауын-шашынсыз, 2 қаңтарда күндіз аздап жауын-шашын жауады, 3, 4 қаңтарда түнде қар жауып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы - 0-5 м/с. Температура түнде 2-7 аяз, күндіз 0-5 жылы, 4 қаңтарда 0-5 градус аяз күтіледі. 1-2 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында ескерту жарияланғандығын ескертеміз. Бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлерде 30 м/с-қа жететіні күтіледі. Ақмола облысында 31 желтоқсанда таңертең және күндіз бұрқасын тұрып, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, кей уақыттары 25 м/с-қа артатыны болжанады.