30 Желтоқсан, 2016

Қаңтар айына арналған ауа райы

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Синоптиктер 2017 жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды  "Қазгидромет" РМК. Cиноптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында қаңтарда орташа ауа температурасы сақталады, ал қалған аумақтарда нормадан 1 градусқа жоғары болады. Сондай-ақ, жауын-шашынның айлық мөлшері Оңтүстік Қазақстан, Қызылора және Жамбыл облыстарында нормада болатыны, ал еліміздің қалған аумақтарында жауын-шашынның нормадан көп жауатыны айтылады. "Атлантикалық циклондардың әсерінен қар жауып, секундына 15-20 метрге жететін боран болады. Еліміздің оңтүстік аумақтарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ, 17-23 қаңтар күндері және айдың соңында аяз болады", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, алдағы болжамға сәйкес, 17-23 қаңтарда және айдың соңында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, ол кезде еліміздің солтүстік бөлігінде түнгі уақытта 30-35 градус аяз, ал күндіз 20-20 градус аяз; оңтүстік аумақтарда түнгі уақытта 20-25 градус аяз, ал күндіз 20-25 градус суық күтіледі.