30 Желтоқсан, 2016

Астанада демалыс кезіне арналған автобус кестесі ұйымдастырылды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада жаңа жылдық демалыс кезінде 31-ші желтоқсаннан 3-ші қаңтарға дейін қоғамдық көліктің арнайы қозғалыс кестесі ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады Жаңа жыл кешінде Астанада қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі түнгі 01:00-ге дейін ұзартылды. 2017-ші жылдың 1-ші қаңтарында таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін барлық қалалық бағдарлар қозғалысының аралығы 20 минуттан болады, ал 10:00-ден кейін демалыс күндердің кестесі  бойынша жүреді. Қала маңы бағдарлары №303, 304, 306, 307, 308 таңғы сағат 06:30-дан 10:00-ге дейін 30 минут сайын, 10:00-ден кейін демалыс күнгі кесте бойынша жүретін болады. 2017-ші жылдың 2-3 қаңтарында барлық маршруттар демалыс күнгі кесте бойынша жүреді.