Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат):
830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне – барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9,51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
83-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттің атқарылуы
Осы Кодекстің бюджеттің атқарылуын реттейтін ережелері мемлекеттік құпиялар, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.».
3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат):
1) мазмұнында 35 және 416-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру»;
«416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау»;
2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру
1. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен ынтымақтасып жұмыс істейтін өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын орындау кезінде жасаған, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген іс-әрекеті, егер бұл іс-әрекет адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеп-тексеру, барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқықпен қорғалатын мүдделерге келтірілген зиян көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар келтіретін зиянға қарағанда аздау болса және егер оларды болғызбауды, ашуды немесе тергеп-тексеруді, сол сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, ол қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына қатер төндірумен, экологиялық апат, қоғамдық күйзеліс немесе өзге де ауыр зардаптар қатерімен ұштасқан іс-әрекеттер жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
3) 53-баптың бірінші бөлігінің 9) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қажеттi қорғаныстың, аса қажеттiлiктің, құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алудың, негізді тәуекелдің, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқыққа сыйымдылық шарттарын бұзу кезінде, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау;»;
4) 416-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарының хаттамаларын немесе оларға қосымшаларды бұрмалауы –».
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат):
1) 53-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңда көзделген жағдайларда, судьяның қаралып жатқан істер бойынша, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін және жасырын тергеу іс-қимылдарын ұйымдастыру, нақты жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу іс-қимылдары, ақпарат көздері мен оларды алу тәсілдері туралы жария етуге жатпайтын мәліметтерді қоспағанда, анықтау органдарының қаралып жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерін, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу іс-қимылдарының материалдарын талап етіп алдыруға және олармен танысуға құқығы бар.»;
2) 78-баптың алтыншы бөлігінің 8) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу іс-қимылдарының материалдарын қоспағанда, осы баптың бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;»;
3) 115-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарға құпия негізде жәрдем көрсететін адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамның келісімімен одан куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Қылмыстық топқа ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін не жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.»;
4) 120-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Жедел-iздестiру қызметi туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары сақтала отырып алынған, құқыққа қайшы әрекеттер туралы нақты деректер тіркелген материалдар құжаттар болып табылады және қылмыстық процесте дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.»;
5) 122-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардың өтінішхаттары немесе өз бастамасы бойынша өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша жауап алу немесе сарапшы немесе маман ретінде қорытынды беру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген процестік іс-әрекеттерді жүргізуге; коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді берудің және жария етудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін сақтай отырып, жеке, заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан, сондай-ақ жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен нәрселерді беруді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар мен тексерулер жүргізуді талап етуге құқылы. Қылмыстық қудалау органы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ревизиялар мен тексерулер жүргізудің талап етілетіні туралы бір тәулік ішінде прокурорды хабардар етеді. Сот өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға құқылы емес.»;
6) 128-баптың екінші бөлігінің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiнiң және (немесе) жасырын тергеу іс-қимылдарының заңға сәйкес алынған материалдарында адамға қатысты ол жасаған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болғанда, бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін қылмыс жасады деп күдiк келтірілетін адамды ұстап алуға құқылы.»;
7) 180-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер
1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда:
1) жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы хабары;
2) кiнәсiн мойындап келу;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
4) қылмыстық қудалау органы лауазымды адамының дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы баянаты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер болып табылады.
Осы Кодекстің 185-бабы бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себеп болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор өз құзыреті шегінде және осы Кодексте белгіленген тәртіппен өз қаулысымен қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген себеппен тергеп-тексеріліп жатқан іс бойынша хабарсыз кеткен адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілерін көрсететін деректер анықталған жағдайда, іс-әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сараланады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.»;
8) 185-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғау мақсатында қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында алынған материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу туралы шешім қабылдайды.»;
9) 193-баптың бірінші бөлігінің 9) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қылмыстық қудалау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды, оның ішінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу іс-қимылдарының нәтижелерін тексеру үшін алады, мерзімдері үзілген қылмыстық істерді одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін жібереді;».
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат):
1) мазмұнында 100-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«100-бап. Мекемелердегi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары»;
2) 100-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«100-бап. Мекемелердегi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемелерде жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары жүзеге асырылады, олардың мiндеттерi:
1) жазаларды орындау тәртiбi мен шарттарын, сотталғандардың, мекемелер персоналының және өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) мекемелерде дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу тәртiбiн бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу;
3) мекемелерден қашып шыққан сотталғандарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүрген сотталғандарды iздестiру;
4) сотталғандардың мекемеге келгенге дейiн жасаған қылмыстарын анықтауға және ашуға жәрдемдесу;
5) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, ашу және жолын кесу болып табылады.
2. Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметін және жасырын тергеу іс-қимылдарын мекемелердiң уәкілетті қызметтері, сондай-ақ басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.».
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7- II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
637-баптың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
7. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету бойынша міндетті орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.».
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат):
129-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қарсы барлау қызметі;».
8. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар):
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жедел-іздестіру қызметі – адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, қылмыстық қол сұғудан қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдастыру және басқару іс-шараларының ғылыми негізделген жүйесі;»;
2) 2-баптың алтыншы абзацы алып тасталсын;
3) 5-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлау қызметі процесінде, сондай-ақ экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында алынған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін сақтау мен жоюдың тәртібі және мерзімдері ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.»;
4) 10-бапта:
1-тармақта:
б) тармақшасының төртінші абзацы «табылуы» деген сөзден кейін «туралы ақпарат» деген сөздермен толықтырылып, бесінші абзацы алып тасталсын;
д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«д) қоғам, мемлекет және оның экономикалық және қорғаныстық әлеуетiн нығайту мүддесiнде барлау ақпаратын алу қажеттiгi негiздер болып табылады.»;
2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын авариялық немесе экологиялық қауіптілігі жоғары объектiлер мен құрылыстарды пайдаланумен байланысты жұмыстарға рұқсат ету туралы;»;
5) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тек қана Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында барлау ақпаратын алу, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алу үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.»;
6) 14-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлау қызметі барысында алынған, оларды пайдалану тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленетін нәтижелерді қоспағанда, жедел-іздестіру қызметінің материалдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерілгеннен кейін осы Заңның 2-бабында көзделген басқа да міндеттерді орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.».
9. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
50-бапта:
6-тармақ мынадай мазмұндағы в-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«в-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне – барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы г-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«г-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;».
10. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
1) 1-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Күзет іс-шаралары – күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларының жиынтығы.»;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:
«2-4) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жедел-iздестiру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізу;»;
3) 18-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын.
11. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат, № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж, № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж, № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат):
21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) азаматтардың Конституциямен және заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қозғайтын жедел-iздестiру, қарсы барлау іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарын, оның ішінде жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргiзуге;».
12. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар):
1) 1-1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;»;
3) 12-баптың 3) және 17-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға;»;
«17-1) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүргізу, осы қызметтің нәтижелері көрсетілген материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдануға;»;
4) 13-бапта:
1), 2) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қарсы барлау іс-шараларын, жалпы және арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын, сараптамалық-криминалистикалық зерттеулерді жүргiзу, Қазақстан Республикасының азаматтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен штаттан тыс жедел қызметкерлер ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту;»;
«2) мақсаттары мен әрекеттері мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiне және өзге де шетелдік ұйымдарға, қылмыстық топтарға енудi жүзеге асыру;»;
«20) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу, ақпараттық жүйелер мен арнаулы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн әзiрлеу және жасау;»;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) бірлескен нормативтік құқықтық актілерде немесе келісімдерде айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың бейнекамераларын және өзге де электрондық жабдық түрлерін пайдалану;»;
5) 18-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшілері мемлекеттiң қорғауында болады және қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік билік өкілдері болып табылады.»;
«3. Шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiнде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындап жүрген (орындаған) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жария етiлуi мүмкiн.»;
6) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкері мен әскери қызметшісінің шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiнде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау, әскери немесе арнаулы атақ беру және лауазымдық айлықақы есептеу үшiн жеңiлдiкпен есептеле отырып, еңбек сіңірген жылдарына жатқызылады.».
13. «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-II, 56-құжат):
1) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды қарсы барлау және жедел-iздестiру қызметiнде пайдалану
Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-iздестiру, қарсы барлау іс-шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын қызметкерлер мен жеке құрамды арнайы даярлау және қызметтік иттерді үйрету кезінде есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалануға рұқсат етiледi.
Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда сатып алу мен жұмсау тәртiбi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiсінде айқындалады.»;
2) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыру құқығы берiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары есiрткiні, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымының көздерi мен жолдарын, сондай-ақ осыған қатысатын адамдарды анықтау мақсатында, әрбiр жекелеген жағдайда шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен уағдаластық бойынша немесе халықаралық шарттар негiзiнде бақыланатын өнім беру әдiсiн пайдалануы, яғни осы органдардың бақылауымен есiрткiні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды мемлекет аумағына әкелуге немесе шетелге әкетуге, транзиттеуге жол беруi мүмкiн.»;
3) 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекетке дәлелдемелер, барлау-нұқсан келтіру іс-қимылының белгілері мен фактілерін алу үшiн жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнің өз құзыретi шегiнде есiрткiні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды бақылау мақсатында сатып алуды жүргiзуге құқығы бар.».
14. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат):
1) 14-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, көздерін, әдістерін, жоспарларын, жай-күйін, ұйымдастырылуын, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер ретінде қылмыстық процесте пайдаланылмаған нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін қаржыландыру туралы деректер, егер олар тізбеленген мәліметтерді ашатын болса;»;
2) 22-баптың 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану қажеттігі негіздер болып табылады.».
15. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
1) 33-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Күзетпен ұстау орындарында қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу іс-қимылдары жүргізіледі.»;
2) 50-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде арнаулы мекемелердің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметіне, қылмыстық-процестік қызметке және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге араласуға жол берілмейді.».
16. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат):
6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары терроризмге қарсы іс-қимыл саласында ұлттық заңнамаға және халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізеді.».
17. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат, 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 3-баптың бірінші бөлігінің 6) және 6-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын адамдар;
6-1) жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесетін азаматтар;»;
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақст