31 Желтоқсан, 2016

Болашаққа бастаған айқын бағыт

382 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
nomer-32016 жылдың елеулі оқиғасы – еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Өз Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақ­стан экономикасы қарқынды дамыған, та­быс­қа жетудің бірегей тәжірибесі бар сая­си тұ­рақты мемлекет ретінде қалыптасты. Біз­­дің елімізде экономикалық, саяси және әлеу­­меттік салаларда аса ірі өзгерістер жүзеге асты. Қазақ елі қажырлы еңбектің арқасында 14 мың шақырым­дық шекарасы шегенделген, мем­лекеттігі мызғымас мық­ты елге айналды. Аумақтық даулар­дың туындау қаупі біржола сейілді. Ғасырлар бойы қазақ оғлан­дарының басты мақсаты бол­ған шекара сызығын белгілеу Нұрсұлтан Әбішұлының арқа­сында іске асты. Шекара – біздің мемлекетіміздің заңды орнының, беделінің белгісі. 100-ден аса этнос пен 17 кон­фес­сияның өкіл­дері тұратын елде ішкі сая­си тұрақтылық пен ел бірлігі сақ­та­лып, нығайды. Елімізде бейбіт­шіл­ік пен келісімнің бірегей моделі қалыптасты. Бүкіл халық­тың қалауымен құрылған Қазақ­стан халқы Ассамблеясы барлық ұлтты қанатының астына алып, ба­сын біріктіре білді. Ең басты­сы, кез келген адам «Мен – қазақ­стан­дық­пын, бұл – менің елім, мен мұнда бақытымды таптым!» деп айта алатын әділетті қоғам орнатылды. Жаңа елордамыз – Астана бола­шақ ұрпақ қаласы. Астана – ғалам­шарда ХХI ғасырда пайда болған бірінші астаналық қала. Елорданың миллионыншы тұр­ғынының биылғы мерейтой жылы дүниеге келгені де қуа­ныш­ты жағдай. Елордамыз қасиетті Тәуелсіздік рухының – Жасам­паздық пен бірлік рухының қайнар көзіне айналды! Астана бүгінде өз тарихының бас­тауында ғана тұр. Ол біздің мем­лекеттік қуаты­мыздың биік сам­ғауын бей­нелей отырып, жылдан-жылға ажарланып келеді. Астана құры­лысы жаңа мемлекеттің, жаңа қоғамның құрылысы ретінде киелі мәнге ие болды. Астана өт­кен­нің барлық құндылықтарын жи­на­қ­тап, болашақтың жарқын келбетін елестетті. Ұлт денсаулығы, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды факторларына айналды. Отандық денсаулық сақтау саласы әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілді: заманауи медицина ор­та­лықтары, ауруханалар мен емханалар салынды, еліміздің барлық өңір­лерінде зерттеулер мен жоғары техно­логиялы операциялардың бүкіл спек­трі жүзеге асырылуда. Қазақстан азаматтарының ден­сау­лығы, білімі мен әл-ауқаты арт­ты. Орташа жалақы 9,3 есеге, зейнетақы 10 есеге өсті. Еліміз­де осы уақытта 1300-ден астам ден­­саулық сақтау нысандары салын­ды, олар ең заманауи құрал­дар­мен жабдықталды. Елімізде сәби­лердің дүниеге келуі 55 пайызға өсті, тұрғын­дар­дың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Білім беру саласын кешенді реформалау Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына жағдай жасады. Отандық білім беру жүйесі мен ғылымды жетілдіру мемлекет­тік саясаттың стратегиялық ба­сым­дық­тарының бірі және елді әлеу­меттік-экономикалық жаң­ғыр­ту­дың шешуші тетігі болып табыла­ды. Қазақстан ересек адам­дардың сауат­тылық дең­гейі бойынша Адам дамуы индексі әлемдік тізімнің алғашқы үштен біріне кіреді. Сондай-ақ, мемлекет білімді жалпыұлт­тық басымдық ретінде тани отырып, білім және ғылым жүйесіне ауқымды қаржы бө­лу­де. Білімге бөлінген қаржы 2015 жылы 1,3 трлн теңгені құрады. Бұл 2014 жылмен салыс­тыр­ғанда 312 млрд теңгеге (31%) артық. Қазіргі таңда білім саласы барлық деңгей­лерде жаңғыртылуда. Педагог-ұстаздар беде­лін арттыру, олардың жал­ақы­сын көбейту бойынша жүйе­лі бастамалар жүзеге асуда. Мек­тепке дейінгі, орта, кәсіптік және жоғары білімде түбегейлі өзгерістер жүргізіліп жатыр. Еліміз бойынша 2700-ден астам балабақша және жекеменшік шағын орталық ашылды. Өткен 25 жылда елімізде қазақ тілінде білім беретін бір мыңнан астам мектеп ашылды. Бүгінгі таңда мектеп оқушы­ларының үштен екісінен астамы, студенттердің 60 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алады. Еліміз бо­йынша қазақ тілін оқытатын 350 орталық табысты жұмыс істеуде. Еліміздің түкпір-түкпірінде 1350 мектеп жаңадан бой көтерді. Әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университет жоғары деңгейдегі алғашқы мың маманды дайындап шығарды. Барлық өңірлерде 20 зияткерлік мектеп ашылды. «Болашақ» бағдарламасы аясында 12 мың жас өренге әлемнің ең белді оқу орындарында білім алуға стипендия берілді. Кәсіптік-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың ма­ман­дарға деген қазіргі және келешектегі сұра­нысын барынша өтеуге бағдар ұстауы қажет­тігі айқын. Бұл ең басты қағидат – жұмыс берушілердің талабына сай мамандарды оқытып шығару. Көп жағынан бұл халық­ты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектелмей, қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құ­ру және дамыту іске асырылуда. 2012 жылы біз әлемнің бәсе­кеге қабілетті ең жоғары дамыған 50 елі­нің қатарына кірдік. Тәуел­сіздік жылдары ішінде экономика 20 есеге өсті. 1999 жылдан 2016 жылға дей­ін біздің экономикамыз үздіксіз өсіп келеді. Яғни, 25 жылдың 17 жы­­лы – тұрақты эко­но­микалық өсім. Елбасы экономиканы әртарап­тан­дыру және оны шикізаттық емес, жоғары технологиялық жолға қайта бағдарлау жө­нінде жаңа міндеттерді алға қойып, үдемелі индустриялық-инно­ва­ция­лық даму жөніндегі мемле­кет­тік бағдарлама қарқын алып келеді. Азық-түлік пен энергетика бойынша Қазақ­стан әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жетекші елдер тобына кіріп отыр. Елімізде экономиканың тиім­ді моделі жасалды. Бізде ком­муни­кация­ның, өндірістің, электр тарату­дың бірыңғай жүйесі бол­ған жоқ. Олар тәуелсіздік жыл­дары қалыптастырылды. Автомобиль жолдары мен темір жолдар біз­дің байтақ еліміздің әр тарапын тікелей байланыстыр­май­тын­дай етіп салынып, барлығы да солтүстікке қарай кететін. Қазір «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасын жүзе­ге асыру арқылы біз бірыңғай көлік жүйесін құруды аяқтаймыз. Бүгінде елімізде екінші индус­трияландыру бесжылдығы жүзеге асырылуда. Барлығы мың­нан аса жаңа өндірістер ашылды. Бұрын ешқашан біздің жерімізде автомобиль, локомотив, вагон, тікұшақ өнді­рісі және басқа да көптеген өн­діріс болған емес. Яғни, еліміз­де бұрын шығарылмаған 500 жаңа өнім түрін шығару ісі игерілді. Сондай-ақ, 265 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция халқымыздың игілігіне жұмыс істеп жатыр. Жуырда ғасыр жобасы – Қашаған мұнай және газ кеніші іске қосылды. Бұл – әлемдік энергетика саласында соңғы 50 жылда болған ең ірі оқиға. Еліміздің осы жаңа жеңісі Тәуелсіздіктің 25 жылдығында айрықша символдық мәнге ие. ХХІ ғасыр бейбітшіліктің, тұрақ­тылық пен гүлденудің ғасы­ры болатынына сенім білдірген Мемлекет басшысы Қазақстан хал­қын жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсат­керлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қазақстандықтарды жаңа белес­терді бағындыруға жетелей­тін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат. Елбасы ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауылшаруашылық өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет­тігін ылғи да қадап айтып келеді. Әлемдік азық-түлік нары­­ғы­ның көшбасшысы болуға және ауылшаруашылық өндірісін арт­тыруға қажетті бағдарды да қадап айтуда. Егістік алқабын ұлғайту­ды, ең алдымен, жаңа технология­лар енгізу есебінен елеулі көтеру қажеттігі күн тәртібінде тұр. «Қазақстан-2050» Страте­гия­­сы, «Нұрлы жол» жаңа экономи­калық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – әлемнің ең дамы­ған мемлекеттерінің қатары­на кіру­ге қабілетті Қазақстанның қуатын нығайтуға бағытталған жоспарлар. Елбасының бастамасы бо­йынша әр азаматтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағ­дар­ламалары жүзеге асырылып жатыр. Тәуелсіздіктің мерейлі 25 жылында Қазақстан Әлем­дік банктің Doing Business рей­тингінде 35-орын алды. Елімізде жүріп жатқан иннова­циялық-технология­лық даму бағ­дарламасының басты мақсаты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ, жекелеген өндірістер тұрғысынан да қайта құрылымдау болып табылады. Бұл – өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оң­ды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгін­гі заманға сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімді ыңғайда сер­вис­ті-технологиялық эконо­микаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз деген сөз. Отандық өнеркә­сіп өнімі­нің әлемдік рыноктарда бәсе­кеге қабілеттілігіне қол жет­кізу ең елеулі мін­дет­тің бірі ретін­де алға тартылып отыр. Экономикалық одаққа кірігіп, өзара бәсекелестік додасында тізгін қаққан Қазақстанның мақ­саты, әрине, әлемдегі ең мықты дамыған 30 елдің қатарына ену болып табылады. Бастапқыда Кеден одағы аясында жүзін қай­рап, Дүниежүзілік сауда ұйы­мы­на енуде өткір қылыштай жарқыл­дауы тиіс біздің ел Орталық Азия­ның айбарлы да азулы бары­сына айналуды көздейді. Елба­сы­мыз­дың «Қазақстан-2050» Стра­те­­гия­сындағы басты мақсат та осы. Тәуелсіз Қазақ елінің тағы бір табысы – осы жылдарда еліміз әкімшілік-әміршілдік жүйенің басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып, басқарудың заманауи әрі тиімді үлгісін құруға бел шеше кірісті. Президенттік басқару институты тәуелсіздікпен бірге қалыптасып, нығая түсті. Елбасы атап өткендей, осы­лай­ша «Қазақстан-2050» Страте­гиясын­да көзделген басты міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, қал­ған­дары табысты жүзеге асырылуда. Сарапшылық бағалау бо­йын­ша, Қазақстан таяу 10-20 жыл­да да экономика өсімі бойын­ша көшбасшы елдердің санатында болады. Бірақ әлемде жиі ай­ты­лып жүрген қазақстандық ғажа­йып­тың мәні одан да тереңде жатыр. Еліміз дамудың қазақстан­­дық үлгісін қалыптастыра отырып, беделі биік, абыройы жоғары қуатты мемлекетке айналды. Әрине, жеткен жетістік­тер­мен тоқтауға болмайды. Тын­дырыл­ған істер аз емес, ал алда атқарылатын міндеттер одан да көп. Сондықтан, алдағы жылдан да толайым табыс­тар күтеміз. Әбдіжапар САПАРБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  экономика ғылымдарының докторы, профессор