01 Қаңтар, 2017

"Теңізшевройл" ақпарат бермегені үшін айыппұл төлейді

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау облысы бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментіндегілер хабарлағандай, «Теңізшевройл» ЖШС ақпарат ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады "Ақ Жайық" басылымы. Бұдан бұрын департамент ТШО-ға бәсекелестікті қорғау саласында ҚР заңнамасын бұзу белгілерінің бар-жоғын анықтау мақсатында (атап айтқанда, адал бәсекелестікті сақтау мәселелерімен жете танысу үшін) ТШО-ға сауал жолдаған болатын. Алайда белгіленген мерзімде жауап ала алмады. Сондықтан компанияға қатысты ҚР ӘҚБтК 162-бабы («Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС-не 1600 АЕК (3 393 600 теңге) айыппұл салынды.