03 Қаңтар, 2017

«Air Arabia» қосымша рейстері Астанадан Шарджаға ұшып шықты

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20170103193650 «Air Arabia» әуе компаниясының тұрақты және қосымша рейстері Астанадан Шарджаға ұшып шықты. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустрия және туризм департаменті мен жедел штаб өкілдері мәлім етті. «2017 жылдың 3 қаңтары күні «Air Arabia» әуе компаниясының қазақстандықтар мінген екі рейсі де (тұрақты және қосымша) Астанадан Шарджа қаласына ұшып шықты. Ұшырылымының тоқтатылуына байланысты осы уақытқа дейін БАӘ-не жете алмай жүрген 118 жолаушы қосымша рейспен ұшып шықты. «Air Arabia» әуе компаниясының тұрақты рейсі де Алматыдан БАӘ-не белгіленген кесте бойынша ұшып шықты»,-делінген хабарламада. Айта кетейік, осыған дейін «Air Arabia» әуе компаниясының Астанадан Шарджаға ұшатын рейсінің тоқтатылғаны белгілі болған еді. 100-ден аса жолаушы елорда әуежайынан БАӘ-нің астанасына жете алмай жүрген болатын.