04 Қаңтар, 2017

Беларусьте жаңа мұнай кен орны табылды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Беларусьте  жаңа мұнай кен орны табылды, деп хабарлайды "Белорусьмұнай" өндірістік бірлестігінің баспасөз қызметі. Жаңа кен орны Припять ойпатындағы Речицко-Вишанский өңірлік блоктарының арасында ашылып, "Көмір" деген ат алды, деп жазады компания өкілдері. Сынақ бұрғылау кезінде тереңдігі 5 218 метрден қазғанда тәулігіне 39,5 тонна мұнай өндіре алады. Бұл жердегі мұнай өндірісі бұрғылануы қиын кен орындарының қатарына кіреді. Дегенмен, мұндағы қысым жоғары көрінеді. Геологиялоық барлау жұмыстары көрсеткендей, мұндағы мұнай қоры 1 млн 695 мың тоннаға жетеді. 2017 жылы жұмысқа кіріскеннен кейін мұнай қоры туралы нақты мәлімет тағы жаңартылатын болады, деп хабарлайды компания.