04 Қаңтар, 2017

Шахан кентінде қаза тапқандар жерленді

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  Бүгін Шахан кенті мен Сарепта ауылында төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан алты адамды жерлеу рәсімі өтті. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков азалы шараға қатысып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты. Валери Михайлов Сарепта ауылына, ал қалған бес адам – Виталий, Ольга, Евангелина Андроповтар және Василия мен Артур Галышевтар Шахан кентіне жерленді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімдігі жерлеу және еске алу рәсімдеріне қатысты шығындарды өз мойнына алды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі опат болғандардың отбасыларына 1 млн теңгеден, ал жарақат алғандарға 500 мың теңгеден материалдық көмек көрсетеді. Қайрат Әбілдинов, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37