05 Қаңтар, 2017

Жоғары технологиялы ферма

217 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
dsc_0108Онда сағатына 150 сиыр сауылады Шығыс Қазақстан сүт өнді­руден елімізде жетекші өңір саналады. Облыстағы тауарлы сүт фермаларын құру жо­басы аталған саладағы әле­уетті одан әрі нығайтуға бағыт­талып отыр. Соңғы жылдары шемонаихалықтар да сүт өнді­рісін дамытуға ерекше үлес қосып келеді. Ауданда кейінгі екі жылда 4 тауарлы сүт фермасы қайта жөндеуден өтті. Асыл тұқымды мүйізді ірі қара санын арттыруға басымдық берілді. Шемонаиха ауданының Ка­мышинка ауылында жаңа тауарлы сүт фермасы ашылды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылды­ғы­на орай іске қосылған заманауи ферма 620 бас сауын сиыр ұстауға арналған. «Параллель» жүйесіндегі сауын залы­ның өндірістік қуаты саға­тына 150-ге жуық сиырды жедел сауу мүмкіндігіне ие. Ал тәулігіне 1200 сиыр сауыла­ды. Кешен Германиядан жет­кі­­зіл­­­ген «GEA» жоғары тех­но­­ло­­­гия­­лы құралдарымен жаб­дық­­­тал­­­ған. Барлық жұмыс компью­­тер­­дің, техниканың және ав­то­мат­тандырылған жүйе­нің көмегі­мен жүргізіледі. «Камы­шинское» шаруа қо­жа­лығы­ның же­текшісі Владимир Акулов­тың айтуынша, фермаға жеке қаражат есебінен 181 миллион теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстары алты айда аяқталды. Келе­шекте осы іспетті 340 басқа ар­налғ­ан тағы бір жаңа ферманы пай­да­лануға беру жоспарланып отыр. Жаңа ферманың ашылу сал­тана­тына еліміздің әр түкпі­рі­нен белгілі агроөнеркәсіп өкіл­­­­дері келді. Олардың қата­рын­да Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасы» ЖШС дирек­торы Иван Сауэр де бар. Иван Адамович Ка­мы­­шинка тұр­­ғын­дарының ер­теден еңбек­қор­лы­ғымен ерекшеленетініне, өнді­ріс қарқынын еш уақытта төмен­дет­пегеніне сүйсінетінін атап өтті. – Сауын сиырға барлық жағ­дай жасалған заманауи кешен­нің ашылуы өңір экономикасы үшін өте маңызды. Әзірге елімізде дәл осы іспетті жоғары технологиялы ферманы кездестірген жоқпын, – деді ол. «Камышинское» шаруа­шы­лығының сүт шикізаты күнделікті «Шығыс-сүт», «Эмиль», «Исток» сияқты өңірдегі ірі сүт өңдеуші кәсіпорындарға жөнелтіледі. Қазіргі таңда шаруашылық­та 6023 бас мүйізді ірі қара болса, оның ішінде 2100 са­уын сиыр бар. Былтыр­ 11 айда 12700 тонна сүт, 750 тонна ет өндірген. Шаруашылық «Агробизнес-2020» бағдар­ла­масы аясында өткен жылы 400 миллион теңгеге жуық субсидия алды. Атап айтқанда, бірінші санатты сүтке – 317 миллион теңге, ет өндіргені үшін – 44 миллион теңге, түрлендіру жұмыстары үшін 35 миллион теңге субсидия алып отыр. Сағатына 4 тонна өнім шығару қуатына ие құрамажем зауыты жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бағытын­дағы 18 мыңнан астам гектарды құрайтын алқапты игеріп келеді. Егістік саласындағы бюджеттік субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау 52 миллион теңгеге жетті. Соңғы үш жылдың ішінде ғана шаруашылық машина-трактор паркін жаңғыртып, ең озық өндірушілерден 20 данадан астам ауылшаруашы­лық техникаларын сатып алды. Камышинка ауылы әлеумет­тік инфрақұрылымы мен өндірістік дамуы жағынан да, халықтың әл-ауқатын жақсартуда да бір­қа­тар жетістіктерге жетті. Кейінгі 5 жылда білім беру, денсау­лық сақтау, су құбырлары мен жолдарды жөндеу, елді мекенді көріктендіру жұмыстарына бюджеттен 185 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл ретте «Камышинское» шаруа қожалығы да әлеуметтік нысан­дарды жөндеу жұмыстары мен жаңа құрылыстарға қолдау көр­сетіп, қаржыландырып келеді. Бұл күні В.Акулов «Ата­мекен» Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасының атынан экономика мен кәсіпкерлікті дамытуға сіңірген қызметі үшін ІІ дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Шемонаиха ауданының әкімі Амангелді Тоқтаров пен Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Владимир Головатюк ауыл тұрғындарын құттықтап, табыс тіледі. Жиынға «Камышинское» шаруашылығында ұзақ жыл жұмыс істеген еңбек ардагерлері де қатысты. Мәселен, Ирина Агафонова 30 жылдан астам сауыншы болса, Николай Чере­панов 47 жыл өмірін осы шаруа­шылықты өркендетуге арнаған екен. Олар жаңа кешеннің тұ­саукесер лентасын қиды. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы Суреттерді түсірген Ғылымбек СӘБИТОВ