05 Қаңтар, 2017

Франция еуроаймақтан шығуы мүмкін

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Француздың "Ұлттық фронты" көшбасшысы және ел президенттігіне үміткер Марин Ле Пен егер сайлауда жеңіске жететін болса, Францияның еуродан бас тартып, ұлттық валютасына біріңғай көшіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

Оның айтуынша, еуроаймақ елдерінің еуро валютасы қабылданғанға дейін қолданыста болған ЭКЮ валюталық жүйесіне көшкені дұрыс.

"ЭКЮ ұлттық валюталармен параллель жұмыс істеді. Мұндай жүйе француздардың күнделікті өміріне ешқандай да кедергісін келтірмейді", - дейді Ле Пен.

BBC хабарлауынша, Ле Пеннің экономикалық кеңесшісі егер Ле Пен сайлауда жеңіске жетсе, елдің франкқа көшуі күн тәртібіне қойылатынын айтты.

Иммиграцияға қарсы және ЕО-ға күмәнмен қарайтын Ле Пен партиясы өткен жылдың желтоқсанында өткен Францияның жергілікті билік органдарына өткен сайлауда 27 пайыз дауыс жинаған еді.