Қазақстандық ірі банктер теңгемен салынған депозиттердің пайыздық үстемесін төмендетіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстандық депозитті сақтандыру қоры.
Қордың жеке тұлғалардың салымдары үшін кепілдендірілген тиімді үстемені 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешімінен кейін көптеген банктер өздерінің пайыздық үстемесін төмендете бастады. Осылайша, орташа есеппен депозиттің үстемесі 2-29 пайыз аралығында азайды.
Кaspi bank 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап теңгемен салымдардың үстемесін азайтты. Банктің мәліметінше, депозиттің үстемесі биылдан бастап 14 пайыздан 11,4 пайыздға азайды. Ал доллармен салынған депозит биылға дейін 2 пайыз болса, биылдан бастап 1,5 пайызға азайтылды.
Еуразиялық банк өзінің пайыздық үстемесін 1 пайызға төмендетті. "Мәселен, TURBO Deposit бойынша салынған қаражат жылына бұрын 15 пайызбен өсетін болса, биылдан бастап 14 пайызбен көбеймек. Ал қалған номиналды үстеме 14 пайыздан 13 пайызға қысқартылды", - деп хабарлайды банктің call-орталығы.
Қазком банкі да 1 қаңтардан бастап "Үздік" депозиттерінің үстемесін 14-тен 13,2 пайызға азайтты. Ал жылдық тиімді үстеме 14-9 пайыздан 14 пайызға түсті.
ЦентрКредит банкі бұл үрдіске желтоқсанның 26-сында көшкен. "Чемпион" депозитінің 18 айлық үстемесі 147-тен 12 пайызға түсті. Ал жылдық тиімді үстемесі 14,8 пайыздан 12,7 пайызға азайды.
Халық банкінің "Халықтық - стандартты" депозитіне теңгемен салынған қаржы жылына бұрын 12,5 пайызбен өссе, енді бұл көрсеткіш бар болғаны 10-ақ пайызды құрайды.