05 Қаңтар, 2017

Елімізде алдағы күндері күн суытады

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың  5-7 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынады. Жаңа жылдық мереке күндері ауа температурасы Қазақстан аумағында нормадан  8-15ºС жоғары болды. Күндізгі температура +2ºС дейін көтерілді. Шығыс облыстарындағы жылы ауа райы бірінен соң бірі Батыс Сібір және Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өткен  атлантикалық циклондармен байланысты болды. Кезекті циклон жақын арадағы тәуліктерде республиканың солтүстік жартысындағы ауа райына өз ықпалын тигізеді. Соған орай қар жауып, боран соғып, батыс желі күтілуде. Орталық Азиядан жылжыған циклонның әсерінен оңтүстік облыстарда жауын-шашын болып, тұман түседі және арты көктайғаққа айналады. Қазақстанға  Архангельск ауданынан антициклон ауысып, 6-7 қаңтарда республиканың көптеген облыстарында өткінші суық тудырады.