Әдебиетті ардың ісі ретінде ардақ тұтқан Алаш қаламгерлерінің бірі – Фариза Оңғарсынова. Жүрек түкпіріндегі сыршыл туындыларымен танылған Халық жазушысының әдеби мұрасы халқына әлі талай қызмет етері даусыз. Алайда, поэзия падишасының ізін жалғастырар жас ақындар бар ма? Ақын шәкірттерінің бірі Әлия Дәулетбаеваның жетекшілігіндегі «Фариза жұлдыздары» деп аталатын жас ақындар клубы өңірдегі жас таланттарды тәрбиелеу ісін қолға алды. Оған Жазушылар одағының Атырау филиалы қолдау білдіріп отыр. Әзірге клубтың мүшелігіне 25 жас ақын қабылданды.
– Бұл өңірде де жас ақындар бар. Алайда, олардың талабына қолдау білдіретін осындай бір орталықтың қажеттігін ойлап жүр едік. Өйткені, кезінде Фариза апайымыздың өзі де бұрынғы Гурьев педагогикалық институтында құрылған ақындар үйірмесінен қанаттанған ғой. Клубқа мүше болған 25 жас ақынның арасынан кемі 5 жас ақынды елге танытуды көздеп отырмыз, – дейді клуб жетекшісі Әлия Дәулетбаева.
Жас ақындар қадамына сәттілік тілеген Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, Атырау филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев, ақын Светқали Нұржанов, скрипкашы Айман Мұсақожаева Фариза ақынның шығармашылығы мен адами қасиеттері туралы толғана әңгімеледі.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Спорт • Бүгін, 01:41
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше