Облыста ана мен баланы қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұған дейін Ақтөбе қаласында аналар мен жасөспірімдер үйі жұмыс істейтін еді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы пайдалануға берілсе, Жаңа жыл қарсаңында әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы ашылды.
Жобаны «Ақ-Руно» ЖШС мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асырды. Бұл мақсатқа қамқоршылық кеңес өкілдері мен меценат Асқарбек Мамырбаев 300 миллион теңге бөлді. Кәсіпкер мұның алдында спорт кешенін пайдалануға беріп, ақтөбеліктердің шынайы алғысына бөленген болатын. Бұл жолы аумағы 2980 шаршы метр болатын үш қабатты үйдің құрылысын 2016 жылғы қазан айында аяқтап, жаңа жыл қарсаңында тағдырдан ауыртпалық көрген аналар мен балалардың игілігіне ұсынды.
Орталықта 60 адамға тұрақты жұмыс орны ашылды. Олардың арасында психолог, әлеуметтанушы, заңгер, еңбек нұсқаушысы секілді мамандар бар. Олар әлеуметтік-психологиялық бөлімдерде жұмыс жасамақ. Мұнда тәртіп мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Орталықта кір жуу орны, спорт зал, асхана жұмыс істейді.
Енді психологиялық-тұрмыстық зорлыққа тап болған, жақындарынан айырылған әйелдер, мүгедектер, жалғызбасты және кәмелет жасқа толмаған балалары бар аналар, үйі өртке оранған отбасылар, балалар үйі мен мектеп-интернаттарының түлектері, қиын жағдайға тап болған жасөспірім қыздар және басқалар осы жерден пана табады.
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың айтуынша, дағдарыс орталығына келуге тек аналар мен балалар ғана емес, сонымен қатар, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге де мүмкіндік бар.
Дағдарыс орталығындағы бөлмелер кең де жарық. Әр бөлмеде төрт адамнан орналасады. Су жаңа жиһаздар қойылған. Бір сөзбен айтқанда, өмір сүруге қажетті барлық жағдай жасалған.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Спорт • Бүгін, 01:41
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше