07 Ақпан, 2017

Әуезовтің алдында отырған сәби кім?

1101 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Халықаралық «Алаш» сый­лы­ғының лауреаты Еркін­бек Тұрысовтың жазушы болып қалыптасуына әйгілі Мұхтар Әуе­зовтің шарапаты мен шапа­ғаты көп тигенін әдебиет сүйер қауым жақсы біле­ді. Елуін­ші жылдардың соңын­да М.Әуезов осы заман та­қырыбына роман жазуды көздеп, Оңтүстік Қазақстан облы­сының Алғабас, Созақ, Түркіс­тан, Мақ­таарал аудандарын аралағаны мәлім. Ұлы жазушы халықтың тұр­мыс-тіршілігімен, мәдениет жағдайымен танысты, малшылар, мақташылар өмірінен бірнеше очерктер жариялады. Міне, сол сапарларында ұлы ж­а­зу­­­шы­ның қасында жүрген Е.Тұ­рысовтың алған тәлімі мол. Тұңғы­шының есі­мін Мұхтар қоюы да көп жайт­ты аң­ғар­та­ды. Ке­зін­де дана Мұх­тар ер­келетіп, мейі­­­рі­мін тө­кк­ен бала Мұх­­тар б­үгін­де өзі де ел ағасы ата­­нып отыр. «Мұхтар Әуе­зов пен әкем­нің арасындағы шынайы достықтан, тығыз шығармашылық бай­ла­ныс­тан хабары бар адамдар менің есімім Мұхтар қойылу себебін айтпай-ақ түсінетінін өмірде жиі кездестіріп жүрмін. Бірақ сол ұлы Мұхтар Әуезовтің ті­зесіне отырып, менің сәби кезі­м­де суретке түскенімді, осы сурет кейіннен кітаптың мұқа­басында жарияланғанын жақын туыстарымыздан басқалар біле бер­мейді. Біреулер кітаптың мұқабасындағы суретке қарап оты­рып, Мұхаңның тізесіндегі сәбиді ұлы Мұрат деп, енді біреулер немерелерінің бірі болар деп жорамал жасайды. Әкем­нің айтуынша, Мұхтар Әуезов Оңтүстік Қазақстан облысына бару үшін Алматыдан жолға шыққанын хабарлап, он айлық мені көріп қайтуға арнайы ат басын бұратынын ескерткен екен. Қуанышты хабарды ес­тіген олар ұйқысыз түн өткізіп, жан-жақты дайындық қамына кіріседі. 1961 жылдың 25 сәуірінде қасына атақты жазушы Тәкен Әлім­құловты, облыс, аудан басшыларын ертіп келе жатқан Мұхтар ағаны көргенде әкемнің қуанышы қойнына сыймай, мені үкідей үлпілдетіп алдынан алып шығыпты. Шәй ішілген соң қо­нақтар бір сәт тысқа, таза ауаға шыққан кезде Мұхаң өзінің құрметіне есімі қойылған сәбиге айналып-толғанып төрдегі орнынан жылжымай қалып қойса керек. Үлкен кісілермен бірге жүрген фототілші Үркімбек Елеубеков осы сәтті тиімді пайдаланып, бірнеше рет түсіріп үлгеріпті. Бертініректе жолым түсіп, Алматыға барғанымда мұражайға айналған ұлы жазушы тұрған үйге кіріп шықтым. Үлкен портрет жасалып, төрге ілініп қойылған Мұхтар атамен бірге түскен тарихи сурет көзіме оттай басылды. Сурет­тің ас­тың­ғы жағына «Ел бо­лам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөзі жа­зылыпты», дейді дана Мұхтар Әуе­зов­пен түскен суреттің сырын баян­даған Мұхтар Тұрысов сол бір күндерді еске алып. Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан»