Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан, Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс», деп атап өткен еді. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді айқындаған алқалы жиында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев «Балаларымызды мектептен бастап ғылымға тартып, ғылымға бет бұрған жастарға қолдау көрсетіп, олардың алаңсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек», дей келе, барлық сала жаңа технологияға көшіп, қызмет сапасын арттыру қарастырылып жатқан кезеңде Атырау облысы жастарының заманға сай цифрлық технологияларды меңгеруіне жағдай жасалатынын айтты. Өңірдегі оқу орындарының жанынан зертханалар мен ІТ орталықтары ашылады. Осы сала мамандарын көбейту мақсатында бөлінетін мемлекеттік гранттардың кең ауқымын қарастыру да жоспарда бар.
ІТ технология саласын дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары Атырау облысында басталып кетті. Елімізде алғаш рет Fab Lab сандық өндіріс зертханасы ашылды. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде пайдалануға берілген зертхана бұрын-соңды біздің елде болмаған. Облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев зертхананың ашылу салтанатына қатысып, бұл бастаманың жастарды интерактивті тәсілмен, тәжірибе жүзінде және қоғамдық құбылыстарға қатыстыра отырып оқыту, машықтандырудың бірегей жолы екенін атап көрсетті. Жоба Атырау облысы әкімдігі мен халықаралық жастар қорының бірлескен жұмысы.
Зертханадағы компьютерлік бағдарламалармен басқарылатын «ақылды» машиналар әртүрлі материалдарды өңдеп, қажет пішін дайындай алады. Демеуші компания өкілі Ләйла Айтмұханова «Шеврон» корпорациясы атыраулық жастардың жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдысын дамыту жолында осындай бастама көтергенін айтады. «Заңғар» деп аталатын жобаның аясында ашылған зертханада лазерлік кесу құралдары мен сандық жабдықтар бар. Оларды STEM бағдарламасының 400-ге жуық қатысушысы өз жобаларының прототипін құру үшін қолдана алады.
Бағдарламаны таныстырған менеджер Нұржан Аманқосов – АҚШ-та білім алып келген талантты жас. Үш тілде еркін сөйлейтін Нұржан «ақылды машиналармен» жұмыс жасауды да біледі. Оның айтуынша, студенттер алдымен қиялынан туындаған кескінді компьютерде жасап, содан соң 3D принтері арқылы шығарып алады. Жастар зертханадағы алғашқы жұмыстарына қызығушылықпен кірісті. Тіпті, елімізде бұрын-соңды болмаған, автоматты түрде басқарылатын көп қабатты жылыжай сұлбасын құрастырып жатыр. Егер оның аймақтың климаттық ерекшеліктеріне сай келетіні дәлелденсе, Атырауда заманға сай жылыжай салынуы әбден мүмкін.
«Мектеп оқушылары мен студенттер зертханада өмірлік дағдыларын дамыту арқылы ғылым, технология, инженерлік жобалау бойынша идеяларын тәжірибемен ұштастыра отырып, жүзеге асыра алады. Әлемде жоғары бағаланған бұл бағдарламаны меңгерген жастар шетелдерде еркін жұмыс істей береді», дейді Н.Аманқосов. Айта кетейік, Қазақстандағы бірегей Fab Lab – ғаламдық цифрлық өндіріс зертханаларының желісіне кіреді.
Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22