07 Ақпан, 2017

Қазақстандағы саяси реформа – лайықты үлгі

1037 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан осыдан шамалы ғана уақыт бұрын өз Тәуел­сіздігінің 25 жылдығын атап өтіп, Орта­лық Азия өңірінің көшбасшысы ретінде 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшелігіндегі міндеттерін ат­қаруға кірісті. Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдардың өкілеттік­терін қайта бөлу туралы хабарлады. Бұл билік тар­мақтары арасындағы ара-салмақтың әділетті жүй­е­сін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Қазақстан басшысының ел халқына арнайы Үндеуіне сәйкес, аталған реформа президенттік өкілеттіктердің белгілі бір бөлігін Парламент пен Үкіметке беруді қарастырады. Парламент Үкімет мүшелерін тағайындауға жауап беретін болса, бұл өз кезегінде Министрлер Кабинетінің депутаттар алдындағы жауапкершілігін күшейте түседі. Сондай-ақ, реформа Парламент тара­пы­нан Үкіметке сенімсіздік білдіру ресі­мін оңайлата түсуді көздейді. Осылайша, билік­тің заң шығарушы тармағының атқарушы орган­дар­ды бақылауын күшейту қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер, мем­лекеттік бағдарламаларды бекіту Прези­денттен Үкіметке және атқарушы биліктің жергілікті органдарына берілетін болады. Бұл оларға аталған салаларда қосымша өкілеттіктер береді. Бұдан бөлек, Үкімет өзінің құрамына енетін орталық атқарушы органдарды құруға және таратуға өкілетті болады. Бұл өзгерістер Конституцияға өзгеріс­тер енгізуді талап етеді және Нұрсұлтан Назарбаевтың түсіндіруінше, заң шығарушы биліктің рөлін күшейтіп, атқарушы билік қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталады. Яғни, Үкіметтің халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігі жоғарылайды. Дей тұрғанмен, Қазақстанның кем дегенде жақын болашақ­та Латын Америкасы елдеріндегі сияқты басқару­дың президенттік-парламенттік формасы­ның спецификалық түрін құрып отырмаға­нын атап көрсеткен абзал. Сөйтіп, Қазақстан бүкіл Латын Америкасы елдері секілді президенттік республика болып қалады. Аталған Орталық Азияда Мемлекет басшысының құзырында бұрынғысынша сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс қабілеті секілді шетін стратегиялық шешімдер қабылдау құқы толығымен сақталады. Бұған қоса, Мемлекет басшысы бұрынғысынша билік тармақтарының арасында «жоғарғы төреші» ретінде көрінуін жалғастырады. Үкімет органдары мен жергілікті сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы жаһандық көкей­кесті сын-қатерлерге, оның ішінде жедел қарқын­мен жүріп жатқан жаһандану үдерістері, тер­роризм қатері, геосаяси тұрақсыздық, жалға­сып жатқан экономикалық дағдарыс пен жемқорлық­пен күрес бар, прагматикалық жауап болып табы­ла­­ты­­н­ын айтып отыр. Сарапшылардың сөздері­не қа­ра­­ған­да, бұл саяси реформа елді әрі қарай да­мы­­ту үшін қажетті шаралардың қисынды жал­ға­сы бо­­л­ып табылады. Ал реформаның нәти­жесі, әри­­не, оның табысты жүзеге асырылуына тәуелді болады. Қазақстан Президентінің аталған маңызды бастамасының Қазақстан-Бразилия қарым-қатынасына тікелей ықпал етпейтіні анық, оның үстіне, билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу демократиялық инс­титут­тар қызметі саяси жүйесінің орнықты­лығын қамтамасыз етуде жақсы үлгі болып табы­латыны талас тудырмайды. Бразилия муниципалитеттерінің қауымдастығы