Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, аздап боран соғады, жел күшеюі ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде боран болады деп күтілуде, сондай-ақ тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 18-23 м/с дейін, екпіні 28 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін, ал Жамбыл облысында жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.