Кеше Қазмедиа орталығында Бас редакторлар клубы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты ашқан Бас редакторлар клубының
Оның айтуынша, бүгінгі таңда жаңа реформаларды, аса маңызды құжаттарды, жаңа енгізілімдерді зерттеп, талдап, халыққа түсінікті тілмен жеткізетін кәсіби мамандардың тапшылығы байқалады.
«Кәсіби журналист ақпаратты жинап, мәселені зерттеп, талдап, қажетті адамдармен сұхбаттасып, содан кейін ғана халыққа жеткізуі керек. Сонда ғана қоғам арасында қажетті резонанс тудыра алатын материал шығаруға болады. Жаңа өзгерістерді, заңдарды алдымен өзі сүзгіден өткізіп, сараптамалық мақала жазатын журналистер жетіспейді», – деді Е.Бекхожин.
Дөңгелек үстел барысында Бас редакторлар клубының мүшелері Елбасы Жолдауына байланысты ой-пікірлерін ортаға салып, ондағы жаңа технологияларды игеру, IT нарыққа ену секілді басым бағыттардың маңызына тоқталып өтті.
президенті Ерлан Бекхожин стратегиялық құжаттың маңызын, мәнін халыққа түсіндіруде журналистерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын жеткізді.
Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»