Азық-түлік өндірушілері теңгенің еркін айналымға жіберілгенінен кейін бағаға ие бола алмай қалды. 2016 жылы Қазақстанда өндірілген азық-түлік құны 2015 жылғыдан анағұрлым қарқындықымбаттауда, деп жазады
Finprom.kz сараптама қызметі.
2016 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында азық-түлік құны 17 пайызға қымбаттаса, 2015 жылғы қымбатшылықтың деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,6 пайызды құраған.
Жергілікті өнім өндірушілер мен ТМД елдерінен импорттаушылар былтырғы жылдары айтарлықтай қымбатшылыққа тап болған. Қазақстанда жасалған өнімнің құны былтыр 17,6 пайыз қымбаттады. Ал ТМД елдерінен әкелінетін азық-түлік бағасы 15,3 пайыз қымбаттады.
Ал керісінше, қазақстандық өнім ТМД елдеріне экспортталғанда, олардың бағасы 7,4 пайыз қымбаттады.
Бағаның бұлайша көтерілуіне бір себеп өндіріс құнының артуы. Атап айтар болсақ, өндіріске шикізат құнының қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер еткен. 2016 жылы азық-түлік өнеркәсібінің шикізаты 33 пайыз қымбаттаса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 6 пайызды құраған.
Сонымен қатар теңгенің әлсіреуі де әсер етіп, ТМД елдерінен келетін өндірістік-техникалық өнім құны 42,5 пайыз, ал ТМД елдеріне жатпайтын мемлекеттерден келетін өнім 56,4 пайыз қымбаттады.
Ал жергілікті шикізат өндірушілері бағаны ұстап тұруға тырысқанымен, нәтижесінде бұл жерде де қымбатшылық деңгейі 21,7 пайызды құрады.
Осылайша, өткен жылы отандық өнім импорттық өнімдерге қарағанда анағұрлым қымбаттады. 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында шет елден әкелінген дайын азық-түлік өнімдері 8,5 пайызға қымбаттады.
Ең көп қымбаттаған импорттық өнімдер ТМД елдеріне тиесілі. 11 айда бұл көрсеткіш 9 пайызды құраса, ТМД-дан тыс елдерден келетін өнім 6,7 пайыз қымбаттады.